ТҮРКІ ЛЕКСИКОГРАФИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Авторлар

  • Гүлғайша Сағидолда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Құсни Жамбулова М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

түрік лексикографиясы, лексикография теориясы, теориялық лексикография, практикалық лексикография, сөздіктер

Аңдатпа

Түркі лексикографиясы тарихын зерделеу түркілік тіл табиғатын сақтауға, түркі тілдеріндегі лексика-грамматикалық құбылыстарды мейілінше дәл көрсете білуге, тілдік ортаның сұранысын қанағаттандыруға бағытталған сапалы сөздіктер түзуге мүмкіндік береді. Түркі тілдері арасында әр алуан типтегі сөздіктер құрастыру ең алдымен әр түркі тілдерінің лексикография саласының тарихи қалыптасуын зерделеуді, қол жеткізген жетістіктерін қортындылауды, соның негізінде салыстырмалы түркі лексикографиясының ғылыми теориялық және концептуалдық-пәндік тұғырының теориялық-методологиялық негізін қалыптастыруды қажет етеді.

ХІ ғасырдан басталатын түркі лексикографиясының даму тарихын әдіснамалық, тәжірибелік және ғылыми-теориялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктері бар төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады: 1) ХІ–ХҮ ғасырдағы түркі лексикографиясы; 2) ХҮІІ–ХІХ ғасырлардағы түркі лексикографиясы; 3) ХХ ғасыр түркі лексикографиясы; 4) ХХІ ғасыр түркі лексикографиясы. Үшінші кезең түркі лексикографиясының қарқынды түрде дамыған кезеңі. Бұл кезеңде сөздік түзу мәселесі ғылыми–теориялық және методологиялық тұрғыдан негізделіп, жүйелілік сипатқа ие болды.

Мақалада жалпы лексикография теориясының негізгі мәселелері, соның ішінде түркі лексикографиясының теориялық-методологиялық негіздері қарастырылады. Лексикография теориясы мәселелерін жүйелі түрде зерттеп, оны жеке ғылыми пән ретінде қарастырған ғалымдар және түркі лексикографиясы, оның ішінде түркі тілдерінің салыстырмалы түсіндірме сөздігі жайлы сөз етіледі.

Авторлар жайлы мәлімет

Гүлғайша Сағидолда, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- филология ғылымының докторы, профессор

Құсни Жамбулова, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2022-07-10

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі