ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҮЙЕ ТҮСІНІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАР

Авторлар

  • Мұстафа Өнер Еге университеті
  • *Фариза Мұхтарова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.11

Кілт сөздер:

түйе, этнографизм, фразеологизм, наным-сенім, ырым-тыйым, халықтық болжамдар.

Аңдатпа

Қазіргі тіл білімінде қалыптасып келе жатқан антропоөзектік бағыт негізінде белгілі бір этносқа байланысты этнографизмдерді табу, оларды зерттеу ерекше маңызға ие болып тұр. Кез келген ұлт тілі – ұзақ даму тарихы бар, өзгермелі құбылыс. Қазіргі кезде тілді тек болмысты танытатын , ойды жарыққа шығаратын  «қарым-қатынас» құралы ғана деп қарастырмай, халықтың ұлттық көзқарасын, ерекшелігін, менталитетін танытатын «танымдық» қызметіне де тоқталуымыз керек. Этнографизмдер деп отырғанымыз – этнографиялық заттар мен құбылыстар атауы, өткен тұрмысымызда болған әлі күнге дейін пайдаланып келе жатқан халқымыздың шаруашылығына, салт-дәстүр, әдеп-ғұрпына, наным-сеніміне, киім-кишек, ішер асына, әлеуметтік қызметі, туыстық қатынасына, т.б. байланысты қолданылатын тұрмыстық, тілдік ерекшелікті көрсететін арнаулы бірліктер мен сөз тіркестері.

Ғылыми мақаланың өзектілігі қазақ  тіліндегі түйе түсінігіне қатысты этнографиялық  ұғымдарды салыстыру, талдау, сипаттау, анализ-синтез әдістерін қолдану арқылы жан-жақты зерттеу.  Мақалада  ғалым Ә. Қайдардың «Қазақтар  ана  тілі  әлемінде: этнолингвистикалық  сөздігінде» көрсетілген «түйе»  ұғымына қатысты  макро және микро топшалар негізінде тілімізде кездесетін  таным-сенім, әдеп-ғұрыптарды, тыйым, табу сөздерді зерттеп, саралап қарастырдық. Сонымен қатар «түйе» малына қатысты түр-түс атауларының мағынасына тоқталдық.

Авторлар жайлы мәлімет

Мұстафа Өнер, Еге университеті

– философия докторы (Phd), профессор

*Фариза Мұхтарова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2023-09-13

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі