САПАРҒАЛИ БЕГАЛИН ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ЕРТЕГІ, АҢЫЗДАР ІЗІ

Авторлар

  • Ақмарал Ибрайханова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-1.11

Кілт сөздер:

поэма, аңыз, кейіпкер, автор, ертегі, балалар, жас ерекшелік

Аңдатпа

Бұл мақалада қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Сапарғали Бегалин поэмаларындағы ертегі, аңыздар ізі қарастырылып, талданған. Мақаланың мақсаты – ақынның ертегі мен аңыз сюжетіне негізделіп жазылған поэмаларын басқа шығармаларынан бөліп алып, заман талабына сай жаңаша зерделеу, ақынның шығармашылық қырын дәріптеу. Себебі қазақ балалар әдебиетіне елеулі үлес қосқан Сапарғали Бегалиннің шығармалары бүгінгі күнге дейін жанрлық тұрғыдан жіктеліп, жеке қарастырылмаған. Мақалада С. Бегалиннің «Қыран кегі», «Ұр, тоқпақ», «Сырлы қайнар» атты поэмаларының көркемдік-идеялық ерекшеліктері талданып, образ сомдау ерекшелігі айқындалған. Ақын поэмаларында кейіпкерлер бейнесін жасау, олардың рухани дүниесін ашу сияқты көріністерді шебер суреттегені жайлы зерделенген.

Сапарғали Бегалин әдебиет жанрының барлық саласында қалам тербеген ақын. Шығармашылығын өлең жазумен бастап, салмағы ауыр эпикалық туындыларға да назар аударған қаламгер соңынан прозалық туындылар да қалдырды. Шығармашылық мұрасының қамтитын тақырып аумағы өте кең, жанрлық сипаты күрделі, көркемдік ерекшеліктерге бай, шығармаларының негізгі идеясы, шығармашылығының зерттелінуі көп жылдық тынымсыз еңбекті талап етеді. Осынау мол мұра иесінің бүгінгі ғылыми жұмысымызға арқау болған туындылары үлкен еңбектің бір бөлігі іспеттес.

Автор жайлы мәлімет

Ақмарал Ибрайханова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану