М.ӘУЕЗОВ ПЕН Э.ХЕМИНГУЭЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІН БЕРУДЕГІ ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕЛЕР

Авторлар

  • *Айман Актанова Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
  • Шолпан Ақтанова «Alikhan Bokeikhan University
  • Мөлдір Аманғазықызы А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институт

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-1.14

Кілт сөздер:

Әйел теңдігі, әдебиеттегі гендерлік, әдебиеттегі қоғам мәселесі, әйел бейнесі, салғастырмалы әдебиет, рухани қарым-қатынас

Аңдатпа

Мақалада әлемге танымал қос классик жазушы Э. Хемингуэй мен               М. Әуезовтің шығармаларындағы әйел тақырыбы мен қазіргі кезде көп айтылатын гендерлік мәселелер баяндалады. Екі қаламгердің шығармаларындағы әйелдердің бақытты болуына кедергі болған түйткілді мәселелердің психологиялық негізі  ашылған. Мақалада көтерілген мәслелердің барлығы да қазіргі заман адамының көзімен классикалық және өткен дәуір шығармасынан бүгінгі адамның алдынан шығатын күрделі өмір шындығын саралануымен ерекшеленеді. Мақаланың басты ерекшелігі де күрделі қарым-қатынастың қарапайым шешімдері болатыны туралы. Кейде сол шешімдер трагедиялық сипат алса да, адамдардың биік гуманизмге негізделген адамзат туралы ойын нықтайтынында.  Жалпы екі жазушының әйел бейнесін сомдаудағы ерекшеліктері өздері өмір сүріп отырған заман шындығымен үндесе берілуі қызықты оқиғаларға жетелейді. Дәуір шындығы мен жалпы адамзаттың ойындағы әйел бейнесінің қабаттаса көрінуі жеке тұлға ретіндегі әйел адамның ішкі психологиялық жай–күйімен байланысты қарасырылған. Мақаланың алдына қойған негізгі мақсаттарынң бірі гендерлік терминінің әлем әдебиетінде және қазақ әдебиетінде қалай сипатталатынын айқындауында. Сонымен қатар мәңгілік тақырыптардың бірі – әйел адам мен еркек арасындағы рухани және нәпсілік қарым-қатынастың көрінуі де жазушылардың ұлттық дүниетанымымен байланысты шыққаны сараланып берілген.

Авторлар жайлы мәлімет

*Айман Актанова, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

– филология ғылымдарының кандидаты

Шолпан Ақтанова, «Alikhan Bokeikhan University

– PhD докторант

Мөлдір Аманғазықызы, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институт

– философия докторы (PhD), А.Қ. Құсайынов доцент

Downloads

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану