«ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ» ҮШІНШІ НҰСҚАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Авторлар

  • Бекарыс Нұриман Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті
  • Марал Маулан Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

Қорқыт ата кітабы, үшінші нұсқа, Түрікмен сахра, Салур Қазан, жеті басты айдаһар

Аңдатпа

Түркі халықтарының көне дәуірден жеткен ортақ әдеби жәдігері саналатын «Қорқыт ата кітабының» бұған дейін ғылымда Дрезден және Ватикан нұсқалары белгілі еді. 2018 жылы Қорқыт ата мұрасы ЮНЕСКО-ның «материалдық емес мәдени мұралар» тізіміне енді. Одан көп ұзамай 2019 жылы Иранның Түрікмен сахра аймағынан үшінші нұсқасының табылуы аталған жәдігердің әлем әдебиетіндегі маңызын арттыра түсті. 2019 жылдан бері үшінші нұсқа әлемнің түркітанушы ғалымдары арасында қызу талқыға түсті. Әуелі Метин Екижи, Юсуф Азмун және Н.Шахголи бастаған зерттеушілер тобы дайындаған түрік тілінде үш академиялық басылымы жарық көрді. Үш еңбекте де қолжазбаның факсимилесі, транскрипциясы, түрік тіліндегі аудармасы, жиілік сөздігі және жәдігер туралы зерттеулер қамтылды. Кейін дәл осы үлгіде әзербайжан және өзбек тілінде де басылды. «Қорқыт ата кітабының» үшінші нұсқасы қазақ ғылымы үшін де зерттелуі қажет өзекті тақырыптың бірі. Сондықтан, бұл мақалада үшінші нұсқаның ерекшелігі қарастырылады. Зерттеу барысында қолжазбаның физикалық ерекшелі талданады. Қорқыттың нақыл сөзі мен үшінші нұсқадағы жаңа эпосқа қатысты ғалымдардың пікірі сараланып, олар салыстырмалы түрде кестемен беріледі. Нәтижесінде үшінші нұсқаның ерекшелігі зерделеніп, онда 23 нақыл сөз бен «Салур Қазанның жеті басты айдаһарды өлтіруі» атты жаңа эпостың барына көз жеткізілді.

Авторлар жайлы мәлімет

Бекарыс Нұриман, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

- Философия докторы (PhD),  доцент м.а.

Марал Маулан, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

– қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранты

Downloads

Жарияланды

2022-07-10

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану