«ЗАҢ» СӨЗІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН СӨЗЖАСАМДЫҚ ҰЯНЫҢ КӨЛЕМДІК СИПАТЫ

Авторлар

  • *Бауыржан Есимсейтов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы
  • Назерке Кокишева А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.04

Кілт сөздер:

сөзжасам, сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық саты, заң.

Аңдатпа

Қазақ тілінде «Заң» сөзі заттық мағыналарда қолданылатын көптеген сөздердің жасалуына негіз болған. Мақалада «Заң» сөзінің негізінде жасалған сөзжасамдық ұяның көлемдік сипаты сол сөзден өрбіген сөзжасамдық ұяға талдау жасау негізінде анықталады. Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесі Н. Оралбай, О. Тоққожаева, А. Салқынбай, Т. Тоқтарова, Н. Қоқышева, Б. Есімсейтов, К. Құрманәлиев, Д. Қуандықова сияқты ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады.

Сөзжасамдық ұяның міндетті элементі – негіз сөз. Негіз сөз, әдетте ұяның өзегі деп танылып, сөзжасамдық ұяның қалыптасуында өте маңызды рөл атқарады, оның құрылымына, ұя құрамындағы туынды түбір сөздердің мағыналық қатынастарына әсер етеді. Ол барлық туынды түбір сөздердің құрамына кіреді, олардың мағынасын анықтайды. Бүгінде сөзжасамдық ұяның негізі ретінде: зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, етістіктер, үстеулер қарастырып жүр.

Мақалада заң дискурсының негізгі концептілерінің бірі – «Заң» сөзіне сөзжасамдық ұя тұрғысынан талдау жасалды. Талдау жүргізілген «Заң» сөзжасамдық ұясының құрамына енген 43 туынды сөздің 24-і термин сөз. Бұл көрсеткішті авторлар түп негіз сөз мағынасының салалық лексикаға биімділігін дәлелдей келе «заң» сөзінен жасалған сөзжасамдық ұяның ерекшелігі ретінде бағалайды. Сөзжасамдық ұяда жалпы 43 туынды сөз жасалғаны, сөзжасамдық ұядағы сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдері арқылы жасалған туынды сөздердің саны анықталады. Тілдік деректер, Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, Заң терминдерінің сөздігі, Қазақстан Республикасының кеден құқығы оқу құралынан жиналған.

Авторлар жайлы мәлімет

*Бауыржан Есимсейтов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Назерке Кокишева, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Downloads

Жарияланды

2024-02-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі