ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ СЫНЫНДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕР

Авторлар

  • Асыл Матаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.14

Аңдатпа

Әдеби сын әдебиет тарихы және теориясымен тығыз байланысты әдебиеттанудың маңызды әрі күрделі салаларының бірі. Сын сөз өнерінің табиғатын, өмір шындығы мен көркем шындық арасындағы байланысты, эстетикалық заңдылықтарды анықтайды. Әдеби мұраларды, көркем туындыларды бүгінгі күн талаптары тұрғысынан бағалайды. Әдеби сын қазіргі әдеби үрдістерді, дамуын, суреткерлердің шығармашылығын заманауи көзқараспен пайымдайды. Әдеби-көркем туындының идеялық қуатын және эстетикалық сапасын анықтауда, әдеби сын қоғам дамуының алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, адамзат құндылықтарының биігінен саралайды. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби сынның бүгінгі ахуалын, даму бағыттарын, кемшін тұстары және жетістіктерін сараптау, ерекшеліктерін зерттеу, ішкі заңдылықтарына үңілу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақ әдеби сыны түрлі кезеңдерден өтіп, әлемдік әдебиеттанудағы озық тәжірибелерге сүйеніп, өз ғылыми тұжырымдарын қалыптастырғаны белгілі. Әдеби сынның ғылыми қағидаттарын қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы семиотика, структурализм, постмодернизм сипатындағы жаңа әдістер ұштауда. Қазіргі әдеби сын рецептивті эстетикаға, эстетикалық категорияларға басты назар аударады. Жаңа бағыттарды жан-жақты саралау – біздің зерттеу жұмысымыздың мақсат-міндеттерін айқындады. Осы ретте, мақалада қазіргі қазақ әдеби сынындағы әдебиетші ғалымдардың келелі еңбектерін, тың ізденістерін, сыни көзқарастарын жинақтау, талдау, салыстыру, зерттеу мәселелері сипатталды. Қазақ әдеби сынын зерттеудің жаңа тенденцияларына шолу жасалды. Зерттеу барысында әдебиеттану ғылымы, әдебиет сынына қатысты ғылыми ізденістер жүргізген шетелдік, отандық ғалымдардың келелі де маңызды еңбектеріне талдау жасалып, әдебиеттану ғылымында алатын орны бағамдалды. Кешенді талдау жүргізу нәтижесінде қазақ әдеби сынының қазіргі жағдайы мен ізденістеріне қатысты өз пайым-тұжырымдарымыз ұсынылды.

Автор жайлы мәлімет

Асыл Матаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– докторант

Downloads

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану