1960-1980 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР

Авторлар

  • Ерхан Карбозов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • *Әсем Мамежанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.13

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: поэзия, дүниетаным, құндылық, ұлттық сипат, дәстүр, ұлттық мінез

Аңдатпа

Мақалада ұлттық дәстүрсіз, cипатсыз әдебиеттің болуы, өмір сүруі мүмкін емес екендігі, ұлттық сипат – әдебиеттің өз стихиясы, даму заңдылығы бар екені көрсетіледі. Әрбір ұлттық әдебиеттің халық өмірімен бірге жасасып келе жатқан өз жолы мен тарихының әртүрлі қоғамдық, саяси жағдайлардың әсерімен бірде тоқырап, кезеңдік кедергілерге ұшырап отыруы, кейде аршындап, алға түсіп, қоғамның даму қарқынынан озық тұруы әдбен мүмкін. Бірақ, бір нәрсе анық, әдебиеттің тарихи дамуы стихиялы түрде ұлттық арнада, ұлттық дәстүрдің негізінде ғана жүріп жатады. 

60-80-шы жылдар қазақ поэзиясы ұлттық құндылықтарға тән қасиет, дәстүрге деген жаңа көзқарас пен өзгеше батыл арақатынас. Бейнелеу құралдарының дәстүр жалғасымен қатар, оны көркемдік  тұрғыда дамыту, заман, уақытқа лайық өзгерістер енгізу және оны байыту мәселелері өзек болды.

Қазақ поэзиясындағы ұлттық дүниетаным – ұлттық поэтикалық дәстүр. Ұлттық поэтикалық дәстүр – барша шығармашылықтың асыл діңгегі. Солай бола тұрса да дәстүр дамымай, дәуір мен уақыттың өзгешелігіне орай өз ерекшелігімен көрінбей қалса, дәстүрдің жасампаздығы болмағандығы. Дәстүрдің дәстүр болуы жаңашылдықпен дамып, байып отыруында десек, 60-шы жылдары әдебиетімізге енген ақындар шоғыры дәстүрден өз жалғасын тауып, поэзиямызға жаңалық сипатын ала келді. Міне, соған ғылыми тұрғыда барынша баға беріледі.  

Зерттеу объектісіне айналған ұлттық поэзиядағы лириканың орны және оның табиғаты қандай, оның сол уақыттағы топырағынан қандай құнды дүниелер өсіп шығып, жапырақ жайды және де оның өсу жолы неге жетелейді, қай бағдарда, қандай деңгейде деген сауалнамаға жауап беру де, жұмысымыздың маңыздылығын алға тартса керек. 60-80-шы жылдардағы қазақ поэзиясының тенденцияларын зерттей отырып, бай мұраны жан-жақты да, терең қамту мақсатымен, біз белгілі бір ақындар тобының шығармашылығымен шектелуді жөн көрдік. Сондай-ақ, көптеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, қазақ поэзиясының бұлақ көзі тереңде екенін көрсеттік.

Қазақ өлеңінің ұлттық сипатын зерттеу барысындағы көзіміз жеткен, көңіліміз сенген қорытындылар, тиянақталған ойлар мен тұжырымдарымыздың дені осы айтылғандарды қамтиды.

Авторлар жайлы мәлімет

Ерхан Карбозов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

*Әсем Мамежанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– магистрант

Downloads

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану