КОГНИТИВТІК ТЕРМИНТАНЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ҰСТАНЫМДАРЫ

Авторлар

  • *Бибигуль Хасангалиева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Сабира Исакова Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Гауһар Әлімбек Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.11

Кілт сөздер:

термин, терминология, когнитивтік терминтаным, дәстүрлі терминтаным, кәсіби білім, кәсіби дискурс, когнитивті көзқарас.

Аңдатпа

Мақалада терминтанымдағы когнитивтік зерттеулерге шолу жасалады. Ғылыми зерттеудің мақсаты антропоцентристік парадигма ықпалымен пайда болған когнитивтік терминтаным мәселелерін зерттеуге арналған еңбектерді талдап, дәстүрлі терминтаным мен когнитивті терминтанымның айырмашылығын көрсету, когнитивті терминтанымның негізгі ұстанымдарын анықтау.Терминдерді когнитивтік көзқарас тұрғысынан зерттеу идеясының маңыздылығын төмендегілерден көруге болады: біріншіден,  когнитивті аспект терминді терминжасаушы көзімен зерттеуге мүмкіндік береді, екіншіден, когнитивтік терминтаным терминнің күрделі әрі қарама-қайшы табиғатын түсінуге көмектеседі, терминшілерді терминнің ішкі заңдылықтарын зерттеуге бағыттайды, үшіншіден, терминтанымдағы когнитивтік зерттеулер терминді жаңа қырынан зерттеуге ықпал етеді. Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды даму контексінде терминдік бірліктер арқылы кәсіби білімді қалыптастыру, сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мәселесі зерттеу жұмысының өзектілігін айқындайды. Когнитивтік көзқарас тұрғысынан терминология кәсіби білім концептуалданатын және вербалданатын маманның когнитивтік іс-әрекеті нәтижесі ретінде қарастырылады. Мақалада когнитивтік терминтанымның пайда болуына негіз болған ғылыми еңбектерге талдау жасалады. Аталған еңбектерде когнитивтік терминтанымның таным мен ғаламның тілдік бейнесі, категориялау мен атау беру процестерінің бірлігі, дискурс және кәсіби дискурс, терминнің когнитивтік-ақпараттық табиғаты, қарапайым және ғылыми білім, кәсіби білім сияқты теориялық және практикалық маңызы бар сұрақтары туралы айтылады.

Авторлар жайлы мәлімет

*Бибигуль Хасангалиева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– докторант

Сабира Исакова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– филология  ғылымдарының докторы, профессор,

Гауһар Әлімбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Downloads

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі