ҚОЛДАНБАЛЫ ГЕОМЕТРИЯ САЛАСЫ КІРМЕ ТЕРМИНДЕРІНІҢ ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАҒЫНАЛЫҚ МОДИФИКАЦИЯСЫ

Авторлар

  • Эльмира Кемельбекова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.06

Кілт сөздер:

кірме терминдер, қолданбалы геометрия, қазақ тілі, қолданбалы геометрия терминдері, терминдердің модификациясы.

Аңдатпа

Мақалада қолданбалы геометрия саласындағы кірме терминдерінің мәселелері қарастырылады. Зерттеу тақырыбына қатысты  кірме терминдерді зерделеу, оның қолданбалы геометрия саласындағы қолданысын көрсету,  қазіргі қазақ терминологиясының өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Қолданбалы геометрия саласына қатысты кірме терминдер қазіргі тіл білімінде ең аз зерттелген мәселелер қатарында екенін де айта кеткен жөн.

Қолданбалы геометрия саласындағы  кірме терминдердің семантикалық ерекшеліктері мен қызметін саралау зерттеу жұмысының басты мақсаты етіп алынды.  Зерттеу жұмысының нысаны қолданбалы геометриядағы кірме терминдердің семантикасы болып табылады.

Зерттеу аясында мақала тақырыбы бойынша теориялық еңбектер назарға алынып, кірме термині түсінігі анықталып, оған қатысты халықаралық терминдерді қазақ тіліне енгізудің негізгі кезеңдері жүйеленіп, қолданбалы геометрияға енгізілу себептері дәлелденеді. Олардың жасалу жолдары мен принциптері, қолданылу белсенділігі мен қызмет ету ерекшелігі айқындалады.  Сонымен қатар, бұл үдеріске қатысты бірқатар ғалымдардың ой-пікірлері, қазақ терминологиясына қосқан үлестері сөз етілді. Зерттеу барысында 150-ден астам геометриялық кірме терминдер іріктеліп, талданды. Бұл лексемалар сипаттамалық, жүйелеу, статистикалық және корпустық талдау әдістері арқылы жүзеге асырылды. Зерттеу негізінде қазақ тілінің қолданбалы геометриясы саласындағы кірме терминдердің жіктелу барысына, шығу тегіне, мағыналық және құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жасалынды.

Автор жайлы мәлімет

Эльмира Кемельбекова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– докторант

Downloads

Жарияланды

2024-02-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі