СОЛТҮСТІК ӨҢІР ГИДРОНИМДЕРІНІҢ ТИПОЛОГИЯСЫ

Авторлар

  • Гүлнар Бекенова Еуразия гуманитарлық институты

Кілт сөздер:

топонимия, этимология, Қазақстанның Солтүстік өңірі, этнография, көл, теңіз.

Аңдатпа

Топонимиядағы этимологиялық талдау атаудың семантикасын ашуды көздейді, зерттеудің семантикалық аспектісі үлкен мағынаға ие болады.Зерттеуші-ғалымдардың барлығы дерлік атау семантикасына көңіл бөлсе де, бұл аспект әлі толық талданған жоқ. Қазіргі таңда топонимнің, соның ішінде субстратты топонимнің семантикасын зерттеуде сенімді, ғылым тұрғысынан негізделген дәлелді әдістемені әзірлеу қажеттілігі зор. Мұндай әдістеме топонимдердің жалпы, жалқы ерекшеліктерімен қатар әр территориядағы, әр тілдік топонимдер семантикасын жан-жақты зерттегенде ғана жасалуы мүмкін. Семантиканың бұл ерекшеліктерін анықтау әдістемесі топоономастикада әлі қолданылмаған лингвистикалық типология арқылы жүзеге асуы мүмкін. Топонимикалық жүйе семантикасындағы типологиялық ортақтастық пен айырмашылықтарды анықтау жұмысы өте көп материал негізінде жүргізу керектігі түсінікті. Қазақстанның солтүстік өңір түркі (қазақ) және орыс гидронимдерін осы аспектіде салыстырып, олардың семантикалық типологиясын құруға жасаған талпынысымыз заңды құбылыс. Аталған мақалада Қазақстанның солтүстік өңір гидронимдерін семантикалық типология тұрғысынан талдау жасап, субстратты гидронимдердің этимологиясы қарастырылады.

Автор жайлы мәлімет

Гүлнар Бекенова, Еуразия гуманитарлық институты

- филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Downloads

Жарияланды

2022-07-10

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі