*РИТОРИКАЛЫҚ ИДЕАЛ ЖӘНЕ РИТОРИКАЛЫҚ БІРЕГЕЙЛІК. ЖЫРАУ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАЛАМ БЕЙНЕСІН ҚҰРУ ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

  • Куралай Уразаева Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Эльмира Идрисова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • *Жанаргуль Азкенова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.10

Кілт сөздер:

мәдени және ұлттық бірегейлік, рефлексия, пандетерминизм, аллегория, жырау.

Аңдатпа

Мақала өзекті мәселелердің бірі жыраулар поэзиясының мәдени және ұлттық бірегейлігін зерттеуге арналған. Қарастыру объектісі болып ғаламның бейнесін құру әдістері табылады. Мақалада риторикалық идеал және риторикалық бірегейлік ұғымдарына назар аударылады. Риторикалық идеалдың құрылымы авторлық және ұлттық концепциялық саланың шарттылығында талданады. Ғаламның ұлттық бейнесі ақынның адресатқа танымдық тетіктері тұрғысынан әсер етуі арқылы зерттелді.

Риторикалық дәлелдердің, стратегиялар мен тактикалардың, риторикалық дәлелдік модельдерінің жүйеленуі Шалқиыз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Қазтуған, Бұхар жыраулардың өлеңдерінде көрсетілген. Риторикалық сөзтұлғалар мен пікірлерге талдау жасалып, қарым-қатынас барысында да олардың талдауы жүзеге асырылды. Мәдени жадының ғылыми идеяларын дамыту жыраулар поэзиясы әлемінің интерпретациясын ауқымды түрде көрсетуге мүмкіндік берді. Қабылданған тәсіл мәдени және ұлттық бірегейлік қандай формалар мен тәсілдер арқылы құрылғанын түсінуге ықпал етеді.

Жырау поэзиядағы ғалам бейнесін талдау риторикалық идеал халықтың отбасы, достық және бірлік сынды құндылықтар туралы ой-пікірлерінен құралатынын көрсетеді. Сонымен қатар табиғат пен қоршаған дүниенің суреттері троп жүйесінің кең болуы, яғни антитеза, параллелизм, салыстыру, гипербола, эпитеттер сияқты риторикалық стильдің бірліктері қолданылатынын түсіндіреді. Ұсынылған тәжірибе риторикалық бірегейлікті түсінуге және ортағасырлық қазақ поэзиясын бірегейлік аспектісінде сипаттауға ықпал етеді.

Авторлар жайлы мәлімет

Куралай Уразаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Эльмира Идрисова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доценті

*Жанаргуль Азкенова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі