*ИНТЕРНЕТ-КОММУНИКАЦИЯ ЖАНРЛАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

  • *Қуаныш Ерғалиев Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Самал Ерғалиева Торайғыров университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.03

Кілт сөздер:

интернет-коммуникация, блог, форум, чат, интерактивтілік, никнейм, аватар.

Аңдатпа

Мақалада интернет пен ақпараттық технологияның қарқынды дамуына байланысты пайда болған қатысымның жаңа түрі – интернет-коммуникация туралы жалпы түсінікке шолу жасалып, терминдердің әр алуандығы сипатталды, ғалымдар тарапынан берген анықтамалардағы әрқилылық қарастырылып, жанрға жіктеуде түрлі көзқарастың қалыптасқаны сараланды. Осы тұжырымдар негізінде авторлар тарапынан интернет-коммуникация жанрлары құрылымдық-композициялық, коммуникативтік параметрлер бойынша топтастырылды. Оларға электронды пошта, жедел хабар алмасу жанры, қонақ кітабы, электронды хабарландыру тақталары, форум, чат, блог жатқызылды. Жұмыста аталған жанрлардың әрқайсысы талданып, өзара ұқсастықтары мен айырым белгілері айқындалды. Олардың барлығына тән ортақ белгі болып мыналар табылатыны көрсетілді: байланыс қандай да бір құрылғының көмегімен жүзеге асуы; ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктері графикалық таңбаларды қолдану арқылы берілуі; қатынас адамдардың жүзбе-жүз физикалық қатысуынсыз, белгілі бір виртуалды кеңістікте, асинхронды және синхронды негізде орнауы; қатысушылар санына шектеу және жазбаларына қатаң бір талаптың қойылмауы. Ал айырмашылықтарына қатысымның сипаты (монолог, диалог, полилог) мен интерактивтілік дәрежесі, фатикалық қызметі мен әдеби тіл нормаларының сақталуы әрқайсысында әрқалай болуы т.б. жатады. Бұлар оны тілдің басқа жанрларынан ажырататын бірден-бір белгі екені аталды.

Авторлар жайлы мәлімет

*Қуаныш Ерғалиев, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Самал Ерғалиева , Торайғыров университеті

– философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессоры

Downloads

Жарияланды

2023-09-11

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі