*ҚАЗАҚ ТЕРМИНЖАСАМЫ: ДӘСТҮРЛІ ҮДЕРІСТЕР ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ДАМУ БАҒЫТЫ

Авторлар

  • *Шерубай Құрманбай Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Сәрсенбай Құлманов А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.08

Кілт сөздер:

терминология, терминжасам, терминалмасым, синтетикалық (морфологиялық) тәсіл, синтаксистік (аналитикалық) тәсіл,лексика-семантикалық (конверсиялық) тәсіл

Аңдатпа

Мақалада қазақ терминжасамындағы дәстүрлі үдерістер мен оның қазіргі даму бағытын талдау арқылы қалыптасқан ұлттық үлгідегі синтетикалық (морфологиялық), синтаксистік (аналитикалық) (сөзқосым,  қосарлау, тіркестіру, қысқарған сөздер) терминжасам тәсілдерінің қызметі белсенді түрде жалғасып келе жатқаны тілдік деректер негізінде дәлелденіп, қазіргі кезде өнімді қолданылып отырған немесе өнімділігі артып келе жатқан жұрнақтар көрсетілді.

Зерттеу барысында негізінен еуропа тілдерінен енген сөздерге және орыс тілінің сөздеріне жалғанатын орыс тілінің жұрнақтары тілімізге: а) бір жұрнақ бір жұрнақтың фонетикалық нұсқаларымен және ә) бір жұрнақ бірнеше жұрнақтың фонетикалық нұсқаларымен аударылатыны анықталды.

Мақалада шеттілдік элементтердің қатысуымен жасалған «гибрид» терминдердің терминбөлшектері төмендегіше жіктеліп көрсетілді: сөздің алдында қолданылатын элементтер (префиксодтар); сөздің соңында қолданылатын элементтер (аффиксодтар). Алайда мұндай элементтердің қазіргі кезде аударылып та қолданылатыны дәлелденді.

Қазіргі қазақ терминжасамындағы мынадай «оң» үрдістерді атап өтуге болады: лексика-семантикалық (конверсия) тәсіл арқылы ұлттық танымға негізделген метафоралық қолданыс нәтижесінде жасалған терминдер санының артуы; тіліміздің лексикалық қорындағы ұлттық құндылықтарға қатысты терминдерді орыс тіліне транслитерациялау арқылы термин жасау;   шет елдерде тұратын қазақтардың тілінен термин алудың біршама жандана бастауы; еуропа тілдерінен орыс тіліне енген және орыс тілінің сөздері мен сөз тіркестерін тілімізге әртүрлі тәсілмен аудару; терминдерді бұрынғыша тек орыс тілі арқылы ғана емес, ағылшын тілінен тікелей қабылдау, оларды орыс тілінің емлесі бойынша емес, айтылуына жақындатып қабылдау.

Авторлар жайлы мәлімет

*Шерубай Құрманбай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– ҚР ҰҒА   академигі,   филология ғылымдарының  докторы

Сәрсенбай Құлманов, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

– филология ғылымдарының кандидаты, доценті

Downloads

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі