ҚАЗАҚ ЗАҢ ДИСКУРСЫН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА КЕЙС СТАДИ ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ӘСЕРІ

Авторлар

  • *Анар Букаева Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Нергиз Бирай Памуккале университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.19

Кілт сөздер:

кейс-стади әдісі, заңгер студенттер, әсер, икемді дағдылар, мәселелерді шешу, сыни тұрғыдан ойлау, келіссөздер жүргізу дағдылары, презентациялау дағдылары

Аңдатпа

Бұл зерттеуде «кейс стади» әдісі зерттеу әдісі ретінде емес, болашақ заңгер студенттеріне заңгерлік дискурсты оқыту әдісі ретінде қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты қазақ заңгерлік дискурсын оқытудағы «кейс стади» әдісінің рөлін және оның болашақ заңгер студенттердің қазақ тілін оқыту нәтижелеріне әсерін зерттеу болды. Бұл зерттеуге Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің тарих және құқық факультетінде оқитын отыз бес студенті қатысты. Осы зерттеу Көкшетау университетінің (КУ) 2021/2022 оқу жылы аралығында кәсіби қазақ тілі (КҚТ) курсында өткізілді. Деректер сауалнамалар мен сұхбаттар негізінде жиналды. Деректер сауалнама мен сұхбат нәтижелері негізінде талданды. Зерттеу нәтижелері кейс-стади әдісін қолдану студенттердің оқу нәтижелеріне және тілдік және коммуникативтік дағдыларды дамытуға оң әсер ететінін көрсетті. Көптеген студенттер «кейс стади» тәсілінің маңыздылығын атап өтті, өйткені ол студенттердің әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту үшін теория мен тәжірибені біріктіреді. Қатысушылардың жауаптарын талдау көрсеткендей, тілдік дағдылардың ішінде студенттер сөйлеу және тыңдау дағдыларын жақсарта алды. Сонымен қатар, тілдік дағдылардан басқа, КҚТ курсының тыңдаушылары проблемаларды шешу және шешім қабылдау дағдылары, сыни және аналитикалық ойлау дағдылары, келіссөздер мен презентациялау дағдылары, команда құру дағдылары, проблемаларды анықтау және шешу кезінде болжай алу дағдылары, тұлғааралық дағдылар сияқты (soft skills) икемді дағдыларын дамытуға үлкен әсер еткенін көрсетті.

Авторлар жайлы мәлімет

*Анар Букаева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

филология магистрі

Нергиз Бирай, Памуккале университеті

– философия докторы (PhD), профессор

Downloads

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі