АБАЙ АУДАНЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • *Гульнар Бекенова А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты
  • Гульнур Ахметова «Alikhan Bokeikhan University»

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.02

Кілт сөздер:

этимология, топонимика, аймақтық топонимия, географиялық атаулар, этномәдениет, онамастика, тарих, дүниетаным.

Аңдатпа

Мақалада Абай өңірі жер-су атаулары, аймақтық топонимияның қалыптасуына әсер етуші факторлар, географиялық атаулардың этнолингвистикалық сипаты баяндалады.

            Кез-келген елдің өткені мен бүгінінің сабақтастығы оның жер-су атаулары – топонимдері арқылы көрініс табады. Қазақ елінің де жер-су атаулары халықтың сан ғасырлық тарихынан сыр шертеді. Осы себепті еліміздің басынан өткен «сан қилы» заманда көптеген топонимдердің өзгеріске ұшырауына, ұмыт болуына байланысты жер-су атауларын зерттеу бүгінгі күні өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған орай, аталған  аймақта көптеген топонимдер тарихи оқиғалар мен белгілі бір жағдаяттарға қатысты адам атына,хайуанаттар мен жануарлар дүниесіне, географиялық ортаның түр-түсіне, табиғат құбылысынабайланыстыжасалғандығы  мақалада  мысалдармен жан-жақты талданып, қарастырылды.

            Зерттеу жұмысының мақсаты – аталған ауданның топонимдерін жан-жақты зерттеу, оларды сәйкестендіруді анықтау, топонимдердің тарихи – лингвистикалық, лексика – семантикалық, этнолингвистикалық құрылымын талдау, сондай-ақ қоғамдағы әлеуметтік-саяси өзгерістерді анықтау болып табылады.

            Зертеу жұмысында диахронды-синхронды және тарихи-лингвистикалық талдау, сипаттамалық және интерпретациялық әдістер қолданылды.

            Абай ауданының топонимдерін жан-жақты зерттеу отандық этнолингвистиканы дамытуға, қазақ халқының рухани құрамдас бөлігін зерттеуге сөзсіз үлес болады.

Авторлар жайлы мәлімет

*Гульнар Бекенова, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– кандидат филологических наук, профессор

Гульнур Ахметова, «Alikhan Bokeikhan University»

– PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2024-01-29

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі