ҚАЗАҚ БАТЫРЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІНДЕГІ «ҒАЖАЙЫП ТУУ» МОТИВІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

Авторлар

  • Қарлығаш Байтанасова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Аяужан Қасен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Айымгуль Сейпутанова С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

фольклор, батырлық ертегі, мотив, ғажайып туу, ғажайып кеңістік, ғажайып көмекшілер, ғажайып заттар.

Аңдатпа

Фольклордың әр жанры өмір сүру барысында жалпыхалықтық түсініктегі ұғымдармен, логикамен кірігеді. Ондағы ой, таным сол халықтың көркемдік ойлау жүйесіндегі ортақ құбылыстарды біріктіреді. Осы процесс барысында әр халықтың фольклорында ұлттық болмыс, өмірлік қағидаттар, ойлаудың ортақ жүйесі пайда болады. Бұл сипаттарды сақтайтын жанр – ертегі. Ертегінің адам баласының шексіз арман-қиялын ұштауға көмектесіп, алға қарай үмітпен жетелейтін қасиеті мол. Ертегідегі қиялдан туған ғажайып құбылыстар – адам баласы арман еткен өмірдің болмыстық пішіндері. Қиялдан туындаған оқиғалар желісінің өзегінде белгілі бір мотив жатады. Осы мотивтер тұрақты түрде қайталанып, жаңа туындылардың дүниеге келуіне негіз болады. Бұл мақалада ертегілердегі сондай тұрақты мотивтертің бірі – бас  қаһарманның ерекше дүниеге келуі зерттеу нысанына алынды. Батырлық ертегілерде жиі қайталанатын «Ғажайып туу», «Жылдам өсу», «Ғажайып көмекшілер» мотивтерінің символикалық мәні талданды. Аталған мотивтердің батырлық ертегілердегі оқиға желісінің негізгі қозғаушы күші екендігіне назар аударылды. Батырлық ертегілер құрылымындағы мифтік танымның, мифтік мотивтер мен бейнелердің тұрақты көрінісі назарға алынып, мотивтердің өзара байланысы қарастырылды. Көне замандардан адамзат жадында сақталып келген батырлық ертегілердегі сюжеттік желілер мен мифтік мотивтерді талдау нәтижесінде салмақты тұжырымдар жасалды.

Авторлар жайлы мәлімет

Қарлығаш Байтанасова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Аяужан Қасен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

- PhD докторант

Айымгуль Сейпутанова, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану