ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ «ӘЙЕЛ» КОНЦЕПТІСІ

Авторлар

  • *Айнур Испандиярова А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университет
  • Алмасбек Әбсадық А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университет

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-1.10

Кілт сөздер:

концепт, ұлттық болмыс, әйел, тіл,

Аңдатпа

Мақалада қазақ халық лирикасындағы «әйел» концептісі қарастырылған. Қазақ қоғамында әйелдің орны ерекше. Өмірде ер адамның ақылшысы, балалардың тәрбиешісі болатын әйелдер қауымының өмірі әртүрлі. Әйел – тіршілік иесі, үйдің ұйытқысы. Ол - аяулы ана, ардақты апа, асыл әже. Сондықтан әйел тақырыбы мәңгілік тақырыптардың бірі деген ойдамыз.

Зерттеу нысанымызға алынып отырған «Бабалар сөзі» еңбегінде «әйел» концептісін айқындайтын тілдік бірліктердің ұлттық дүниетанымда берілгені аңғарылады. Сонымен қатар, әйел лексемасы сөз болған кезде, әйел – үлгі, әйел махаббатқа адал,әйел-ана баламаларымен сабақтасуы әбден заңды.

Мақаламыздың басты мақсаты – қазақ халық лирикасы тіліндегі әйел концептісінің көрінісін айқындау. Әйел ұғымына қазақ тілінің түсіндірмелі сөздіктерінен түсініктемелер беріліп, мән-мағынасы ашылды. Қазақ халқының болмысы мен тыныс-тіршілігін танытатын фреймдер талданды.

«Бабалар сөзі» еңбегінің тіліне концептілік талдау жасау арқылы қазақ дүниетанымында әйел концептісіне қатысты әйел-ана, әйел-тіршілік иесі, әйел- жар, әйел-бала тәрбиесінің негізін салушы деген тұжырымдар туралы түсінік қалыптастыру зерттеудің теориялық маңыздылығын айқындайды. Жұмыстың теориялық нәтижесін когнитивтік лингвистика, этнолингвистика, лингвомәдениеттаным, мәтін лингвистикасы сияқты курстарда пайдалануға болады. Сондай-ақ, стилистика және тіл мәдениеті, көркем мәтінді лингвистикалық талдау пәндері бойынша өтетін тәжірибелік сабақтарда көмекші материал ретінде қолдануға болатыны сараланады.

Авторлар жайлы мәлімет

*Айнур Испандиярова, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университет

– PhD докторант

Алмасбек Әбсадық , А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университет

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Downloads

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану