ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИ ИНТЕРЬЕРДІҢ МЕКЕНШАҚТЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Авторлар

  • Рита Султангалиева М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-1.16

Кілт сөздер:

қазіргі қазақ прозасы, заттық әлем, әдеби интерьер, көркемдік поэтика, суреттеу, деталь, мекеншақ, мекеншақтық қызмет.

Аңдатпа

Зерттеудің мақсаты – әдеби интерьердің көркем шығарма мәтінінде қаншалықты маңызды рөл атқаратындығын, аталмыш баяндау бірлігін талдау көркем  шығарманың поэтикасын айқындауда, эстетикалық құндылығын оқырманға жеткізудегі маңызды қызмет атқаратын көркем бірлік тұрғысында зерделеу.

Бұл мақалада қазақ әдебиеттану ғылымының айналымына енген «интерьер» ұғымы және  әдеби интерьердің мекеншақтық қызметі мен көркемдік поэтика мәселелері қарастырылады. Әдеби интерьердің мекеншақтық қызметі жан-жақты талданып, мысалдармен дәлелденеді. Әдеби интерьердің көркем шығарма кеңістігін қалыптастыру төңірегінде қарастырылған зерттеу еңбектеріне шолу жасалады. Шығарма идеясы мен тақырыбына арқау болған заттық детальдің қолданылу ерекшеліктері анықталады. Әдеби интерьердің қазақ әдебиеттану ғылымында күні бүгінге дейін әдеби теориялық ұғым қалыптастыру жолында өзекті тақырып ретінде талданып, қазіргі қазақ прозасындағы поэтикасы мен қызметі мәселелері жан-жақты талданады. Әдеби интерьердің көркем мәтіндегі құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы оның мекеншақтық және өзге де қызметтері анықталады. Кейіпкер өмір сүретін кеңістікті, ішкі жан әлемін, мінезін, болмысын танудағы қызметі көркем прозадағы эстетика мәселелерімен сабақтастықта талданады.

Зерттеу нысанына алынған қазіргі қазақ прозалық туындылары мен ондағы әдеби интерьердің көріністерін анықтау зерттеудің ғылыми құндылығын арттырады. Заттық әлем объектілерінің, детальдердің эстетикалануы, адам өмірінде алатын орны нақты мысалдармен дәлелденеді.

Әдебиеттегі интерьер ұғымы шығарманың сюжет, композиция, символдық жүйесі сынды кең аспектілерімен байланыстыра талданады.

Зерттеу жұмысының практикалық маңыздылығы: әдебиеттану ғылымы бойынша пәндерде оқылатын дәрістерде, әдебиеттану мәселелерімен айналысатын студенттер мен магистранттарға, докторанттарға пайдалануға болады. Көркем шығарманы театр сахнасына интерпретациялау барысында сценаристер мен қоюшы режиссерлерге де тигізер септігі мол. Мақалада теориялық талдау, жинақтау, жүйелеу және салыстырмалы талдау әдістері қолданылады.

Автор жайлы мәлімет

Рита Султангалиева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Downloads

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану