*ПОСТМОДЕРН ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ

Авторлар

  • Мөлдір Аманғазықызы А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-1.09

Кілт сөздер:

қала, әдебиеттегі қала тақырыбы, мегаполис, модернизм, постмодернизм

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ прозасындағы постмодернистік сарында жазылған Темірлан Қылышбектің «Лифт» әңгімесі мен Нұрбек Нұржанұлының «Аждаһаның жүрегі» әңгімесі талданған. Ғылыми зерттеудің мақсаты – постмодернистік әдебиеттегі қала көрінісінің бейнелену ерекшеліктерін анықтау, автор мен кейіпкер психологиясына талдау жасау. Зерттеу барысында қала өмірін түрлі аспектіде қарастырған Г. Зиммель, Л. Мамфорд, М. Брэдбери және т.б. ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынды. Яғни, қаланың әдебиетке әсері, әдебиеттегі урбанизм поэтикасы туралы мәселелердің ауқымын кеңейту мақсатында қаланың негізгі аспектілері батысеуропалық және американдық урбанизм теоретиктерінің еңбектерін негізге ала отырып, гуманитарлық теориядағы әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарастырылды. Сондай-ақ, көркем шығармаларды талдау барысында Б. Майтанов, А. Ісімақова, Ж. Жарылғапов, Г. Елеукенова, Ə. Қодар, С. Қасым, Ə. Əліəкбар сынды қазақ әдебиеттанушыларының постмодернизм турасындағы ғылыми зерттеулері назарға алынды.

Зерттеу барысында герменевтикалық, компаративистік зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу негізінде алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында оқытылатын «Әдебиет теориясы», «Заманауи қазақ әдебиеті», ««Әдеби талдау және әдеби шығармашылық»» пәндері бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.

Автор жайлы мәлімет

Мөлдір Аманғазықызы, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– философия докторы (PhD), доцент

Downloads

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану