*ЯСАУИ ХИКМЕТТЕРІНДЕГІ АЙШЫҚТАУЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ

Авторлар

  • *Саулеш Айтуғанова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Қарлығаш Сәрекенова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-1.07

Кілт сөздер:

хикмет, поэзия, айшықтау, поэтикалық қайталау, анафора, эпифора.

Аңдатпа

Мақалада Ясауидың хикметтер жинағы көркемдік-бейнелілік тұрғыда талдау нысанына алынған. Хикметтердің поэзия жанры ретіндегі мәні қарастырылып, айшықтау үлгілері анықталады. Адамгершілік қасиет, адамдық борыш, имандылық, рухани тазалық сияқты ұғымдарды танытудағы айшықтаудың бір түрі – поэтикалық қайталаудың маңызды қызметі зерделенеді.

Сопылық ілімнің ірі өкілі Қожа Ахмет Ясауи көне түркі поэзиясы мен шығыстық араб, парсы поэзиясын шебер үйлестіріп, түркі дүниесіндегі үздік поэтикалық үлгіні туындатты. Шығыс поэзиясының бірнеше жанрын түркі поэзиясының бұрыннан қалыптасқан дәстүрімен астастырып, хикмет жанрын қалыптастыруы өз алдына үлкен жетістік болса, сол жанрдың мазмұндық салмағын тереңдетудегі ізденісі де жаңа рухани биіктікті танытады. Мазмұнды ашудағы көркемдік тәсіл ретінде поэтикалық қайталаулар маңызды рөл атқарады.

Ясауи хикметтерінің мәні мен мазмұны, рухани-танымдық маңызы бірнеше зерттеулерге арқау болды. Тілдік, әдеби, этнографиялық тұрғыда жан- жақты қарастырылып келді. Хикмет авторы қолданған қайталау үлгілері, олардың идеялық-көркемдік қызметі де арнайы зерттеуді қажет етеді. Яссауи рухани ілімнің ірі өкілі ғана емес, дәстүрлі поэзиямен сусындаған ақын болғандықтан, оның хикметтері көркемдігі жағынан да ерекшеленеді. Мақалада ақын қолданған поэтикалық қайталаудың әдепкі (анафора) және кезекті (эпифора) қайталау сияқты түрлері анықталып, сол негізде қорытындылар жасалады.

Авторлар жайлы мәлімет

*Саулеш Айтуғанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Қарлығаш Сәрекенова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Downloads

Жарияланды

2024-03-27

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану