*ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР АҚША АТАУЛАРЫНЫҢ ТҮП-ТӨРКІНІ МЕН БАСТАПҚЫ МАҒЫНАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-2.03

Аңдатпа

Қазақ тілінде «ақша» мағынасын білдіретін немесе валюта атауы ретінде қолданылған көптеген сөздер болған. Сондай ақша атауларының ішінде алтын, күміс, ақша, теңге, тиын сөздері осы күнге дейін актив лексика қатарында белсенді сөздер ретінде қолданылып келеді. Бірақ алтын мен күміс сөздерінің валюталық мағынасы ұмытылып, тек бағалы металдың семантикасы сақталған. Теңге болса көнеден келе жатқан тарихи сөз 1993 жылы ұлттық валюта ретінде таңдалғаннан кейін тілдің белсенді айналымына қайта кірді. Пұл, сом, манат, бақыр, шақа, жармақ, жамбы, қойтұяқ, тай тұяқ, аққұйрық, күреш деген қаржы терминдері историзмге айналды. Соның ішінде бақыр және жамбы атаулары жаңа әрі туынды мағыналарға ие болды.  Пұл, бақыр, сом атаулары бертін келе қолданыстан ығыса бастаса да, сомды теңгенің орнына әлі де айтатындар жоқ емес. Пұл болса айыппұл секілді жаңа терминдердің құрамында айтылып, тіл айналымына қайта кіре бастады. Ақша атауларының ішінде динар, ділдә, дирхам сияқты араб-парсыдан ауысқан кірме сөздер де қазақ даласында қолданылған. Олардың өзі ақша бірліктері ретінде қолданыстан шыққанмен, Динара, Ділдә, Манат кісі есімдерінде сақталып жұмсалады. Мақалада аталған ақша атауларының ішінде Абай мен Шәкәрім шығармаларында кездесетін әрі түркі тілдерінде пайдаланылатын теңге, тиын, ақша, сом, бақыр, пұл, шақа, ділдә терминдерінің қолданыс тарихы, қазіргі семантикалық сипаты мен шығу тегі көне немесе орта ғасыр түркі жазба мұралары және туыстас әрі туыс емес тілдердің деректері негізінде талданады.

Автор жайлы мәлімет

Марлен Адилов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD), ғылыми қызметкер

Downloads

Жарияланды

2024-07-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі