БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ КІРІКТІРУ:ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-2.19

Кілт сөздер:

ChatGPT, жасанды интеллект, интеграция, нейро желі, нормотивтік құжаттар, этикалық мәселелер

Аңдатпа

Мақала қазіргі кезде өте қарқынды дамып отырған жасанды интеллект ұғымы, Open AI ұсынған чат GPT, оны қолданудың өзіндік ерекшеліктерін сипаттауға арналған. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуымен жасанды интеллект қазіргі заманғы білім беру саласындағы зерттеулердің өзекті тақырыбына айналды. Қазіргі уақытта жоғары білім беруді дамытудың негізгі тенденциясы инновациялық білім беруді жан-жақты дамыта отырып, оның сапалы әрі тиімді білім беруге интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

Жасанды интеллект ретінде AI агенттерін пайдалану қосымша ресурстарды, жекелендірілген қолдауды және қосымша оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету арқылы білім беру процесін айтарлықтай жылдамдатады. Университеттерде тілдерді оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолдану сонымен қатар олардың студенттер үшін де, оқытушылар үшін де артықшылықтары ғылымда және білім беру үдерісінде қолданудың мысалдары сарапталады.

ҚР жоғары оқу орындарында және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жасанды интеллектті қолдану бойынша ЖОО аралық стандарт талқыланып, ондағы тиімді тұстары мен оқытушылардың кәсіби біліктіліктерін арттыру мәселесі де қаралады. Білім берудегі жасанды интеллектке қатысты нормативті құжаттар мен этикалық мәселелер сипатталады. Жасанды интелекттінің білім беруде тиімді интеграциялаудың бірнеше алғышарттары ұсынылады.

Авторлар жайлы мәлімет

*Альбина Досанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Зейнеп Жұматаева, Назарбаев университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Қарлығаш Аширханова, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

– философия докторы (PhD)

Downloads

Жарияланды

2024-08-14

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі