КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШ МӘТІНДЕРІНІҢ ТРАНСКРИПЦИЯСЫ МЕН АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ СӘЙКЕССІЗДІКТЕР

Авторлар

  • Кенжетай Күркебаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кілт сөздер:

көне түркі жазба ескерткіш мәтіндері, лингвотекстология, сәйкессіздік, транскрипция, аударма нұсқалары, тарихи-салыстырмалы әдіс

Аңдатпа

Мақалада көне түркі жазба ескерткіш мәтіндерінің транскрипциясы мен аудармаларындағы сәйкессіздік мәселелері жан-жақты қарастырылады. Көне түркі жазба мәтіндері мен олардың аудармаларындағы сөздердің дыбыстық құрамының нақты бейнесін ашып көрсететін транскрипция тәсілі қолданылғаны көрсетіледі. Жазудың даму тарихында оның ішінде әсіресе көне жазулардың ежелгі нұсқаларын реконструкциялап қайта қалпына келтіру, дәл сол көне түпнұсқадағыдай оқып түсіндіру грамматология ілімі үшін аса қиын күрделі мәселе болып отыр. Өйткені сонау көне ғасырлар қойнауынан сынбай, кертілмей, беттеріне түрлі дақтар түспей сақталып жетуінің өзі жеке бір мәселе болса, сол дәуірдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы, дыбысталуы мен таңбалануындағы сәйкессіздіктердің өзі келелі бір мәселе екені сөзсіз. Көне түркі жазба ескерткіш мәтіндерінің әр кезеңдегі түркітанушы ғалымдар тарапынан аударылған нұсқаларының дыбыстық, морфемдік, лексемалық, сөз тіркесі мен сөйлем жүйесінің түпнұсқа мәтіндерімен сәйкес келе бермейтін тұстары талданады. Күлтегін ескерткішіндегі кіші жазудың алғашқы жолының ғалымдар тарапынан қалай оқылып, аударылғанына нақты мысалдар негізінде салыстырмалы талдау жасалды. Күлтегін мәтініндегі бір сөйлемнің өзіндегі аударма нұсқаларында in(i)ygün(ü)m (іні-жиендерім) қос сөзінің түркітанушы ғалымдар тарапынан әртүрлі вариантта аударылғаны мәтін жолдарын өзара салыстыру нәтижесінде айқындалды. Сонымен қатар көне түркі жазба ескерткіш мәтіндеріне жүргізілген зерттеулер мен лингвотекстологиялық сараптама талдауларындағы аудармалар мен дыбыстаңбалық сәйкес келмеудің бірден бір себебі жекелеген дыбыстар мен пиктографиялық сипаттағы таңбалардың әртүрлі түсіндіріліп, әртүрлі оқылып фонематикалық таңбалануымен тікелей байланысты болуы да мүмкін екені қарастырылады.

Автор жайлы мәлімет

Кенжетай Күркебаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Downloads

Жарияланды

2022-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі