АУДАРМАДАҒЫ КОММУНИКАНТ ЭМОЦИЯСЫ: ТҮР-ТҮС АТАУЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ МЕН СЕМАНТИКАСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-3.04

Кілт сөздер:

соматикалық бейвербалды амалдар, түр-түс атаулары, эмоция, аударма, «Абай жолы», нейробиология, паралинвгистика.

Аңдатпа

Бейвербалды амалдар – коммуникацияның тілсіз, қосымша құралы. Көркем мәтінде (түпнұсқа және аударма мәтін) кейіпкердің ішкі сезімін, эмоциясын, оқиғаға қатысушылардың бір-біріне деген көзқарасын, коммуникативтік жағдаятты сипаттау мақсатында белсенді қолданылады. Аудармада қиындық тудыратын  бейвербалды амалдардың негізгі тобы – эмоцияны бейнелеуші түр-түс атаулары. Мақалаға өзек болып отырған адам өңіндегі өзгерістер – коммуниканттың ішкі жай-күйін, физиологиялық ахуалының сыртқы көрінісін бейнелейтін, барлық халыққа ортақ, әмбебап құбылыс. Зерттеудің негізгі мақсаты «Абай жолы» романындағы эмоцияға байланысты түр-түс лексикасының антропо-когнитивті және нейробиологиялық уәжін көрсете отырып аудармадағы қиындықтардың себебін түсіндіру.

Аудармаларды салыстыра талдау барысында жиналған қазақ тіліндегі «көгеру», «сұрлану», «көкпеңбек боп кету», «бозару», «құп-қу болу», «қап-қара боп кету» сынды кейіпкердің ішкі күйін білдіретін түр-түс атауларының барлығы орыс тіліне бір ғана «бледный» лексемасы арқылы баламалануы секілді бірқатар фактіні саралай келе, автор аудармадағы қиындықтардың негізгі себебін әр халықтың эмоцияны танудағы инттелектуалды инстинкті әртүрлі болуына байланысты параэмотивті элементтерді тілде түрлі деңгейде репрезентайды деп түсіндіреді. Бұл пікірді дәлелдеу үшін зерттеуде бейвербалды компоненттердің қазақ тіліндегі ерекшелігін көрсететін семантикалық талдау, аудармаларды салыстыру әдістері қолданылып, лингвомәдени аспектіде қарастырылды.

Зерттеу нәтижесінде қазақ халқының адам эмоциясын танудың терең деңгейін меңгергені, сол себепті қазақ тілінде орыс тіліне қарағанда өң өзгерісін бейнелейтін параэмотивті сөздер қатары әлдеқайда көп екені, қазақ тіліндегі әр бейвербалды амалдың нейробиологиялық негізі бар екені, әр халықтың адам эмоциясын тану және оны тілде кодтау деңгейі әртүрлі болуы аудармаға да әсер ететіні дәлелденді.

Паралингвистикада көркем шығармалардағы бейвербалды амалдар, соның ішінде соматикалық бейвербалды амалдар жалпы қарастырылып жүргенімен, аударудағы қиындықтар және олардың себептеріне жете көңіл бөлінбеуі зерттеудің өзектілігін көрсетеді. Сондай-ақ мақалада аудармаға қатысты «интеллектуалды инстинкт» термині алғаш рет қолданылып отыр.

Түйін сөздер: соматикалық бейвербалды амалдар, түр-түс атаулары, эмоция, аударма, «Абай жолы», нейробиология, паралинвгистика.

Автор жайлы мәлімет

Меруерт Имангазина, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі