*МАҚСҰТ НЕТАЛИЕВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ “ЗАМАН, ҚОҒАМ, УАҚЫТТЫҢ” КӨРКЕМ СУРЕТТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-3.09

Кілт сөздер:

қазақ поэзиясы, атамекен, туған жер ұғымдары, табиғат суреттері, заман, қоғам, уақыт

Аңдатпа

Мақалада ақын Мақсұт Неталиев поэзиясындағы атамекен, туған жер ұғымдары мен табиғат суреттерін жырлаудағы ерекшеліктері талданады. Қазақ поэзиясындағы ақынның алатын орны туралы жазылған әдеби сын материалдарға және поэзияның теориялық мәселелеріне қатысты теориялық еңбектерге шолу жасалып, ақын поэзиясындағы өзіндік стильдік ерекшеліктері қарастырылады. Ақынның табиғат құбылысын суреттеу шеберлігі және ырғақ пен әуез үйлесімділігіне назар аударылады.

Ақынның табиғат пен адамды суреттеудегі философиялық ойлары, атамекен және туған жер ұғымдарымен байланысты сағыныш, мұң және қуаныш, үміт сынды ұғымдардың поэзия әлемімен тұтастығына талдау жасалады. Ақын поэзиясындағы заман, адам, атамекен ұғымдарының тығыз бірлікте жырлануына мән беріледі. Кеңестік цензура, идеологияның ақын поэзиясына тигізген әсері мен тәуелсіздік, нарықтық қатынастар суреттерінің ақын поэзиясында орын алуы, егемендік бейнесінің поэзия тілімен өрнектелуіне тоқталады.

​Мақаланың міндеті әдеби өлкетану жобасы аясында М.Неталиев поэзиялық мұрасына шолу жасау, ақынның атамекен, туған жер концептілері мен табиғат құбылыстарын суреттеудегі көркемдік-эстетикалық дүниетаным табиғатын ашу, қазіргі әдебиеттану ғылымы тұрғысынан бағалау.

​Мақаланың ғылыми-практикалық мәні мен құндылығынаМ.Нетиалиев поэзиясын әдеби өлкетану жобасы аясында қазақ поэзиясының өткені мен бүгіні тұрғысынан сараптау, әдеби өлкетану мәселелеріне қатысты жаңаша  зерттеулер жүргізуді айтуға болады.

Авторлар жайлы мәлімет

Айдарбек Акбулатов, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Философия докторы (PhD), доценті

Зинулла Мутиев, М. Өтемісов атындаға Батыс Қазақстан университеті

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

*Нургул Тукешова, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

– философия докторы (PhD), оқытушы

Downloads

Жарияланды

2024-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану