*«БАБЫРНАМАДАҒЫ» ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕР МЕН ТӨЛ СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Авторлар

  • Қуанышбек Кенжалин Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • *Әлия Данияр Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-4.07

Кілт сөздер:

баяндаушы, сөйлем мүшесі, есімді сөйлем, сипаттама, төл сөз құрылымы, автор сөзі, кейіпкер сөзі, үнқатым.

Аңдатпа

Түркі халықтарына ортақ, естелік жанр үлгісі болып келетін «Бабырнама» қолжазбасында автордың өзі тұрған, саяхаттаған көрнекті жерлер туралы барлық негізгі мәліметтер келтіріледі. Өмірі әскери жорықтар мен жаулап алулармен өткізген Захир ад Дин Мұхаммед Бабыр «Бабырнама» жазба мұрасында тарихи маңызы бар өмірлік жолын барлық жағынан ашуғы тырысты. Бабыр өз жұмысында сол дәуірдің өмір салтын шынайы түрде бейнелеп жазған және де шығарма мәтінінде өзіне бағытталған үнқатымдар арқылы өмірбаяндық  тәсілді қолдана білген.

Орта Азия, Ауғанстан және Үндістан туралы маңызды ақпараттарға толы бұл жәдігерде авторлық ой-пікір, ғылыми-танымдық түсініктеме де қамтылады. Әрбір бөлім мәтінінің автор тұрғысынан баяндалу түрі анықталып, жалпы мәтін құрылымын кіріспе, негізгі бөлім, ой қорыту сынды жүйеге негіздеуге болады.

Бұл мақалада грамматикалық және лексикалық элементтерді ескере отырып, «Бабырнамада» автор қолданған жай сөйлемдер мен төл сөздердің қызметі, қолданысы мен түрлері айтылып, тілдік талдау арқылы дәйектеледі. Яғни жай сөйлемнің жақты/жақсыз, толымды/толымсыз және атаулы түрлеріне мысал келтіріліп, баяндауыш мүше болған сөздердің жасалу жолдары түсіндіріледі және қазіргі қазақ тіліндегі қолданысымен салыстырылады,  төл сөздердің жасалу формасы мен мазмұндық сипаты айқындалады.

Авторлар жайлы мәлімет

Қуанышбек Кенжалин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), доценті

*Әлия Данияр, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– докторант

Downloads

Жарияланды

2024-02-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі