Ж. НӘЖІМЕДЕНОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЗМ КӨРІНІСІ

Авторлар

  • Рақымберді Жетібай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

повесть, Жұмекен, психологизм, кейіпкер, психикалық эволюция, стиль.

Аңдатпа

Ж. Нәжімеденов прозасы осы күнге шейін жан-жақты талданып зерттелмеген тың тақырып. Мақалада Ж. Нәжімеденовтың «Бетпе-бет» повесі психологиялық тұрғыда талданады. Себебі көркем шығармадағы психологизм  - күрделі мәселе. Көркем шығармадағы психологизм туралы зерттеулер ілгеріде бастау алған. Одан бері психологизм қоғамдық сананың жаңа бір белесі сипатын алған.

Мақаланы әлеуметтік психологияның үш түрлі мәніне ажыра отырып талдау жасалынады. «Бетпе-бет» повесін психологиялық тұрғыдан талдауымыздың негізгі мәні – повестің тілі, көркемдігі, оқырманмен кейіпкердің арақатнасы шебер берілген. Кейіпкерлердің ішкі және сыртқы жан күйзелісін атап айтқанда психикалық эволюцияны жазушы өзіндік контекстпен үйлестірген. Соның нәтижесінде көркем туындыдағы образдардың жан әлемі тереңінен танылған.

Мақалада жүргізілген зерттеу - повестегі мәтін құрылымына, баяндау ерекшеліктеріне байланысты түрлі аспектілерді анықтады. Ж. Нәжімеденовтың шығармашылық тұлғасы  жекелеген қаламгерлік ізденістер тұрғысынан талданды. Сонымен қоса повестердегі автор мен қаһарман арақатынасын, баяндау құрылымындағы стильдік ерекшеліктерді саралау негізінде Ж. Нәжімеденовтың шығармашылық тұлғасы анықталып, мұндағы психологизмнің өзіндік қыры танылды.

Повестегі психологизм амал-тәсілдері әрекет психологиясын, тартыстың шымырлығын, оқиға қоюлығын суреттеуге негізделген. Ал мұндай шығармаларда психологияны ашуда шығармашылық тұлғаға тән  мінезтаным қырын бейнелеуде психологиялық кесікндеме айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Демек, бұл жағдайда Ж. Нәжімеденов кейіпкерімен психологиялық үндестік тапқанын баса айтуға болады.

Ғылыми мақаладағы тұжырымдар мен ойқортулар әдебиет теориясына негізделіп, обьективті бағалау өлшемдеріне сүйенеді. Нәтижесінде жазушының повесі психологиялық көрініске бай екенін дәлелдейді.

Автор жайлы мәлімет

Рақымберді Жетібай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

- PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану