«ЕДІГЕ» ЭПОСЫНДАҒЫ ТОПОНИМДЕРДІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ (ҚАЗАҚ, ҚАРАҚАЛПАҚ ЖӘНЕ ТАТАР ҰЛТТЫҚ НҰСҚАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Айнур Кенбаева Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Абат Пангереев Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • Гулназ Мамбетова Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты

Кілт сөздер:

топоним, фольклор, эпостық жыр, дүние суреті, қазақ тілі, қарақалпақ тілі, татар тілі.

Аңдатпа

Аңдатпа. Бұл жұмыста «Едіге» эпосындағы топонимдер тарихи факт ретінде қарастырыла отырып, олардың көркемдік ерекшеліктері мен функциялары анықталған. Зерттеу материалдары ретінде түркі халықтарының тарихи жадын жеткізуші болып табылатын «Едіге» эпикалық поэмасының қазақ, қарақалпақ және татар ұлттық нұсқалары алынған.

            Зерттеудің мақсаты «Едіге» эпосындағы топонимдерді тарихи оқиғалардың куәгері ретінде ғана емес, уақыт пен кеңістіктегі бағдар ретінде де қарастыру болып табылады. Зерттеудің негізгі әдістері - сипаттамалық, салыстырмалы және салыстырмалы тарихи әдістер.

            Жұмыста «Едіге» эпосында нақты географиялық объектілердің атаулары қолданылатындығы анықталған, олардың сипаттамасы қазір шындыққа сәйкес келеді, бұл эпостың зерттеліп отырған нұсқаларында сипатталған оқиғалардың көпшілігі Алтын Орда дәуірінде түркі халықтарының ерте тарихында орын алған нақты тарихи оқиғалардың жаңғырығы болып табылатындығын көрсетеді. Екінші жағынан, эпостағы географиялық нысандардың атаулары мифологиялық негізге ие болуы мүмкін, кейде эпосты жеткізушілердің қиялының жемісі де болады.

            Қазақ, қарақалпақ және татар этностарының тарихи шындығы, мәдени құндылықтары мен ұлттық өзгешелігі бар топонимика мен фольклордың байланысын зерделеу түркі халықтары әлемінің фольклорлық-тілдік бейнесіндегі бірегей дүниетанымды ашуға мүмкіндік береді.

Авторлар жайлы мәлімет

Айнур Кенбаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

- PhD докторант

Абат Пангереев , Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Гулназ Мамбетова, Әжинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты

– филососфия докторы (PhD), аға оқытушысы

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану