СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТЕРМИНІ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛҒАН СӨЗДЕРДІ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

  • Бауыржан Есімсейтов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-1.03

Кілт сөздер:

сыбайлас жемқорлық, лингвистикалық талдау, термин, заң термині, аударма мәселесі.

Аңдатпа

Сыбайлас жемқорлық ұғымының отандық әдебиеттерде жазыла бастауын 1970 жылдардан бастауға болатын шығар. Дегенмен осы «Сыбайлас жемқорлық» ұғымның қоғамда қарқынды қолданыс табуын кеңестік заңнамада лауазымдық қылмыстар ретінде қарастырылып келген кейбір қылмыс түрлерінің сыбайлас жемқорлық қылмыстары деп танылуымен байланыстыруға болады.

Бір бақылағанымыз ресми тілде болсын, мемлекеттік тілде болсын осы терминге берілген сипаттамалар бұл ұғымның латын тіліндегі «коррупция» деген сөзден қазақшалағанда «параға жығу» деген мағынада жұмсалатындығымен баяндалып, ұғымға басқа елдердегі берілген анықтамалар мен тұжырымдарға сипаттама жасалынады.

Сонымен «Сыбайлас жемқорлық – тұлғаның лауазымдық өкілеттіктері мен қызметіне байланысты құқықтарын мемле­кеттің, қоғамның, сондай-ақ жеке адамдардың мүдделеріне қарсы өзінің жеке баю мақсаты үшін пайдалануынан тұратын қылмыстардың жиынтық аты». Бүгінгі таңда аталмыш термин заң мәтіндерде кеңінен қолданылып жүр. Қазақ тіл білімінде термин жасауда негізгі құрал ретінде пайдалануға болатын тілші-ғалымдарымыздың жасаған терминінің негізгі қасиеттеріне және оларға қойылатын негізгі талаптар мен қағидаларға сәйкестігін байқаймыз.

Автор мақалада «Сыбайлас жемқорлық» термині негізінде жасалған туынды сөздерді аударудағы мәселелерге нақты мысалдар келтіру арқылы талдау жасайды.

Автор жайлы мәлімет

Бауыржан Есімсейтов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Downloads

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі