*КӨРКЕМ МӘТІНДІ СЕМОТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ: СИМВОЛДЫҚ БЕЙНЕЛЕУ

Авторлар

  • Сәулеш Айуғанова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • *Есбол Сұлтан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.16

Аңдатпа

Мақалада семиотика ғылымының бір тармағына жататын символдық бейнелеу құбылысының теориялық жағы сараланады. Семиотика – таңба туралы ғылым. Көркем мәтінді семиотикалық тұрғыдан талдау барысында символ, таңбалау, концепт сынды ұғымдарға кезігеміз. Аталған ұғымдар сырт қарағанда бір-біріне ұқсағанымен, олардың арасындағы айырмашылықты анықтап, көркем мәтіндегі автор бейнелеуіндегі астарлы мәнді анықтау маңызды. Сол тұста символдық бейнелеу, таңбалық мән, концептілік жік анықталады. Сондықтан, біз мақаламызда семиотиканың құрамдас бөлігі – символдың көркем мәтінде берілуіне, көркем мәтінді көріктеп, бейнелеуіне қатысты теориялық тұжырымдамаларды келтіріп, семиотиканың басқа да құрылымдарынан айырмашылығын анықтауды мақсат еттік. Мақалада символ терминіне қатысты әдебиеттанудағы негізгі мағлұматтарға шолу жасадық, символдық бейнелеудің көркем мәтіндегі бейнесі назар сала отырып, символды семиотикалық талдаудың бірі ретінде қарастырдық. Символды көркем мәтіннен анықтау үшін оның негізгі белгілері мен оның мәтіндегі қызметін білуіміз қажет. Сонда ғана символдық таңбалық мәнін анықтай аламыз. Символдық бейнелеу көркем мәтіннің поэтикалық қуатын арттырып қана қоймай, өз бойында код дәрежесіндегі таңбалық мағынаны да қамтиды. Сондықтан символды поэтика тұрғысынан да, семиотика тұрғысынан да қарауға болады.

Авторлар жайлы мәлімет

Сәулеш Айуғанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

*Есбол Сұлтан, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2023-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану