ҚАЗАҚСТАН ЖАРНАМАЛЫҚ СЛОГАНДАРЫНДАҒЫ АНГЛИЦИЗМДЕР: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

ҚАЗАҚСТАН ЖАРНАМАЛЫҚ СЛОГАНДАРЫНДАҒЫ АНГЛИЦИЗМДЕР: ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.09

Кілт сөздер:

англицизм, жарнамалық слоган, гибридтеу, прагматика, когнитивтік метафора, билингвизм, глокалдану.

Аңдатпа

Зерттеу Қазақстандағы жарнамалық слогандардағы ағылшын тілді компоненттің трилингвизм жағдайындағы (қазақ/орыс/ағылшын) қызметін талдайды. Ұлттық және халықаралық брендтердің 150-ден астам өзекті слогандары негізінде ағылшын элементтерінің интеграция траекториялары анықталды: тікелей кірме формалардан гибридизация мен морфологиялық-синтаксистік инкорпорацияға дейін (мысалы, Smart-таңдау, Digital-өмір, Forte Up). Әдіснамалық негізі – құрылымдық-семантикалық талдау, прагмалингвистикалық және когнитивтік тәсілдер. Нәтижелер ағылшынша элементтердің символдық капитал және жаһандық коммуникация метакоды рөлін атқаратынын көрсетті; олар тұрақты метафораларды («өмір = қозғалыс», «инновация = норма», «болашақ = қазір») қалыптастырады және директивтік, комиссивтік, экспрессивтік, идентификациялық типтегі сөйлеу актілерін модельдейді. Жаңалығы – ағылшын формулаларын когнитивтік-бағалық стандарттау және глокализация құралы ретінде пәнаралық түсіндіру. Практикалық маңызы – слогандарды және брендтердің тілдік саясатын жобалауда қолдану.

Авторлар туралы мәліметтер

Аида Нурбаева, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессоры,

 

Байсыдық Индира, Қaзaқ ұлттық педагогикалық унивepcитeтi

– философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор

Гауһар Құрмашева, Алматы технологиялық университеті

– педагогика ғылымдарының магистрі, сеньор-лектор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...