ҒАЛЫМ Қ.ЖҮСІП ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ӘДЕБИ КӨРКЕМДІК ТҮР СИПАТЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.15Кілт сөздер:
әдеби шығарма, көркемдік түр, мазмұн, форма, автор ойы, образАңдатпа
Мақалада ғалым Қ.Жүсіп еңбектеріндегі әдеби көркемдік түр ерекшеліктерінің шығармаларда қолданылу жолдары зерделенген. Ғалым әдеби көркемдік түр жолдарының әдеби шығармаларда атқаратын қызметіне тоқталған. Шығармадағы көркемдік түр - шығарма сюжетінің, мазмұны мен оқиға барысындағы әдеби ерекшеліктердің де топтасу жолдарына өзіндік әсері мен байланыстары бар екендігін екшелеп өткен. Әдебиет теориясындағы көркемдік түр шығармадағы композициялық және сюжеттік құрылымдарға, жанрлық ерекшеліктер мен оқиға барысындағы тілдік бейнелеу құралдарына, ал поэзияда – ырғақ, интонация, шумақ құрылысы мен ұйқас сияқты элементтерге де тікелей қатысты болып келетін теориялық ұғым екендігіне баса назар аудартқан. Аталған элементтер жеке-жеке алғанда бейнелеу құралдары мен әдістері ретінде танылады. Әдеби компоненттердің шығармада бір-бірімен тығыз байланысы, біртұтас жүйе құрайтыны қарастырылады. Олар шығарманың идеялық мазмұнымен үйлескенде және автор ойының оқырманға әсерлі жеткізілуіне қызмет еткенде, нақты шығарманың көркемдік формасына айналады. Жазушының өмір шындығына терең үңіліп, оны тану және сөзбен шебер бейнелей білу қабілеті шығарманың көркемдік формасын толықтыратын маңызды аспектісі ақындалады. Әдеби шығарманың көркемдік формасы мазмұнмен үйлесімді сөз шеберлігі арқылы түрлі бейнелеу құралдарымен өрнектелген. Көркем әдебиетте мазмұн мен форманың бірлігі мен өзара байланысы шығарманың көркемдік мәнін айқындайды. Қазіргі зерттеулерде көркем әдебиетті жанрлар бойынша жіктеу, оның тілдік-көркемдік ерекшеліктері мен стилистикалық сипатын анықтау маңыздылығы қарастырылады.
