ДІЛДІК ЛЕКСИКОН ЖӘНЕ ҚОСТІЛДІЛІК
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.02Кілт сөздер:
ділдік лексикон, қостілділік, психолингвистика, семантикалық желі, тілдік сана, мәдени код, ассоциация.Аңдатпа
Мақалада ділдік лексиконның қостілділік жағдайында қалыптасуы мен өзгеруі, екі тілдің сөздік жүйесінің семантикалық, прагматикалық және когнитивтік әсері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі бүгінгі қостілді қоғам жағдайында қостілділердің тілдік санасында сөздердің қалай ұйымдасатынын, қандай мағыналық байланыстар басым болатынын және екі тіл арасындағы бәсекелестік пен өзара толықтыру механизмдерінің қалай іске асатынын түсіндіру қажеттілігінен туындайды. Мақалада қостілді ділдік лексиконның құрылымына әсер ететін негізгі факторлар (тілдік орта, доминант тіл, тілдік тәжірибе, қолдану жиілігі, әлеуметтік-когнитивтік жағдайлар) талданып, әр тілдегі лексикалық элементтердің белсенді үдеріске түсу жылдамдығы мен мағыналық желілердегі орын ауыстыруы сипатталады. Сондай-ақ, қазіргі психолингвистикадағы ассоциациялық эксперименттер, сөзді тану жылдамдығын өлшеу әдістері және семантикалық өрістерді картографиялау тәсілдері қостілді тұлғалардың ішкі лексикалық жүйесін анықтаудың тиімді құралдары ретінде қарастырылады. Жүргізілген талдау екі тілдегі лексемалардың мағыналық байланыстары кейде бірін-бірі күшейтіп, кейде интерференция туғызатынын, бұл өз кезегінде сөйлеу үдерісіндегі сөз таңдауға, мағынаны белсенді үдеріске енгізуге және коммуникативтік шешім қабылдауға ықпал ететінін дәлелдейді. Мақала нәтижелері қостілділік жағдайындағы ділдік лексиконды зерттеудің тіл үйрету, когнитивтік диагностика, билингвтердің сөйлеу стратегияларын болжау және тілдік өзара әрекетті оңтайландыру тұрғысынан маңызды.
