Ж.БЕКТҰРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ САРЫН

Ж.БЕКТҰРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ САРЫН

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.14

Кілт сөздер:

Кеңестік жүйе, отарлау саясаты, ұлт-азаттық қозғалыс, азаттық идеясы, тоталитарлық тәртіп.

Аңдатпа

Мақалада Ж.Бектұровтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы қарастырылып, ақын поэзиясындағы азаттық идеясының көркемдік көрінісі талданады. Зерттеу нысаны ретінде хан Кенеге арналған өлеңдері алынып, олардың тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктері, тарихи шындықты бейнелеу сипаты және ұлттық рухты танытудағы поэтикалық қызметі сараланады. Ақын шығармаларында халықтың отаршылдық езгіге қарсы күресі, ел тәуелсіздігін аңсау сарыны және Кенесары Қасымұлы тұлғасының тарихи үдерістегі орны көркемдік тұрғыдан пайымдалады. Кенесары бейнесі ұлт бостандығы жолындағы күрестің символы ретінде сипатталып, оның тарих сахнасына шығуы заман талабы мен тарихи қажеттілік ретінде түсіндіріледі.

Зерттеу барысында Орталық Қазақстан өңіріндегі, соның ішінде қазіргі Қарағанды облысы аумағындағы әдеби-рухани мұра жасаушылардың шығармашылығы сөз етіледі. Тоталитарлық жүйе кезеңінде есімдері көмескі тартқан, шығармалары әділ бағасын алмаған ақындар мұрасын тәуелсіздік кезеңі тұрғысынан қайта зерделеудің маңызы айқындалады. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты мен кеңестік билік тұсындағы идеологиялық қысым жағдайында туған поэзиядағы еркіндік идеясының тарихи сабақтастығы көрсетіледі.

Мақалада отаршыл патша үкіметіне қарсы көзқарас ұстанып, белгілі бір кезеңде кеңестік биліктен үміт күткен Ж.Бектұров шығармашылығы қазіргі тәуелсіз Қазақстанның рухани құндылықтары тұрғысынан бағаланады. Ақын поэзиясындағы туған жерге сүйіспеншілік, ұлттық намыс, тарихи жад және азаттық мұраттарының көркемдік жүйесі талданып, оның қазақ әдебиетіндегі орны айқындалады. Ж.Бектұров мұрасы ұлт руханиятының маңызды бір бөлігі ретінде қарастырылып, оның жалпыадамзаттық құндылықтармен үндестігі ғылыми тұрғыда тұжырымдалады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Шолпан Бакирова, Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушысы

Лаура Баймыш, Орталық Азия инновациялық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...