ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗСАПТАМЫН ТІЛДЕСІМ ӘРЕКЕТІ НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЗСАПТАМЫН ТІЛДЕСІМ ӘРЕКЕТІ НЕГІЗІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКА-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.27

Кілт сөздер:

сөзсаптам, тілдесім әрекеті, проблемалық-коммуникативтік әдіс, педагогикалық аспект, психологиялық аспект, сөйлеу мәдениеті, коммуникативтік құзыреттілік.

Аңдатпа

Мақалада жоғары сынып оқушыларының сөзсаптамын тілдесім әрекеті арқылы дамытудың педагогикалық және психологиялық аспектілері қарастырылады. Қазіргі білім беру жағдайында оқушының өз ойын логикалық жүйелі жеткізуі, жеке көзқарасын эмоциялық реңкпен білдіруі және бейнелі тілдік құралдарды саналы қолдануы коммуникативтік құзыреттіліктің негізгі көрсеткіштері ретінде айқындалып отыр. Осыған байланысты зерттеуде сөзсаптам оқушының ойды тіл арқылы жеткізу қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастырылып, оның даму деңгейі логикалық, эмоциялық және бейнелі көрсеткіштер негізінде анықталды.

Зерттеудің мақсаты – тілдесім әрекетіне негізделген проблемалық-коммуникативтік әдістемелердің жоғары сынып оқушыларының сөзсаптамдық даму көрсеткіштеріне ықпалын тәжірибелік-эксперименттік жолмен айқындау. Логикалық көрсеткіш оқушылардың ұғымды дәл анықтау, ойды жүйелі құру және себеп-салдарлық байланыстарды көрсету қабілеті арқылы бағаланды. Эмоциялық көрсеткіш сөйлеу барысында жеке көзқарасты білдіру, бағалауыш қатынас таныту және эмоциялық реңкті қолдану деңгейін сипаттады. Ал бейнелі көрсеткіш метафора, салыстыру және образды тілдік бірліктерді қолдану арқылы анықталды.

Зерттеу 2024–2025 оқу жылында жалпы білім беретін мектептің 10–11 сынып оқушылары арасында жүргізілді. Эксперименттік және бақылау топтарын қамтыған педагогикалық эксперимент үш кезеңде ұйымдастырылды: бастапқы диагностикалық кезең, қалыптастырушы кезең және қайталама диагностика. Диагностикалық құрал ретінде авторлық «Бір ұғым – үш қырынан» әдісі қолданылып, оқушылардың сөзсаптамдық даму деңгейі үш көрсеткіш бойынша кешенді түрде бағаланды. Қалыптастырушы кезең сабақтан тыс уақытта, аптасына екі рет, үш ай бойы жүргізіліп, тілдесім әрекетіне негізделген жүйелі тапсырмалар арқылы жүзеге асырылды.

Зерттеу нәтижелері бастапқы диагностикада оқушылардың сөзсаптамдық көрсеткіштері жеткіліксіз деңгейде болғанын көрсетті. Қайталама диагностика барысында эксперименттік топта логикалық көрсеткіш бойынша ойды жүйелі жеткізу қабілетінің артқаны, эмоциялық көрсеткіш бойынша сөйлеудің бағалауыш және тұлғалық сипатының күшейгені, ал бейнелі көрсеткіш бойынша образды тілдік құралдарды қолдану жиілігінің өскені анықталды. Бақылау тобында көрсеткіштердің өзгерісі айқын байқалмады.

Авторлар туралы мәліметтер

Жазира Кайырбаева, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

– PhD докторант

Райгуль Рахметова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

– педагогика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...