ҒАЛЫМ ЕДІГЕ ТҰРСЫНОВТЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ФОЛЬКЛОРЫ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАРЫ

ҒАЛЫМ ЕДІГЕ ТҰРСЫНОВТЫҢ ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫ ФОЛЬКЛОРЫ ТУРАЛЫ ТҰЖЫРЫМДАРЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.12

Кілт сөздер:

фольклор, уақыт, кеңістік, түркі мәдениеті, көшпелі түркі қоғамы.

Аңдатпа

Мақалада қазақтың фольклортанушы, филология ғылымдарының докторы Едіге Дәріғұлұлы Тұрсыновтың фольклортану саласына қосқан үлесі, оның фольклор туындыларын зерттеудегі ұстанымдары жайында баяндалған.  Көрнекті түркітанушының көп қырлы ғылыми-зерттеу қызметі жалпы түркі әлемінің біртұтас тұжырымдамасы арқылы қазақ халқының сондай-ақ Орталық Азия, Оңтүстік Сібір және Шығыс Еуропа аумағында тұратын көптеген этностардың тарихы, мәдениеті мен әдебиетінің қалыптасу процестерін зерттеумен байланысты. Автордың қайталанбас білімі мен жоғары рухани мәдениеті оның ойларының кез келген көрінісіне ерекше көзқарас пен ауқымдылық береді.

Ғалымның «Түркі фольклорының бастауы. Қорқыт» еңбегінде ежелгі түркі мемлекетінің ыдырауынан бастап қазақ халқының қалыптасуына дейінгі кезеңдегі фольклордың өсіп-дамуы қамтылған.

Фольклор саласындағы өзгерістер уақыт ұғымындағы өзгерістермен байланысты екендігін дәлелдеп, уақыт туралы түсінік халық шығармашылығының негізгі факторларының бірі болып табылатынын анық көрсетеді.

Мақалада Е.Тұрсыновтың фольклорды этностың дүниетанымын айқындайтын күрделі мәдени жүйе ретінде қарастыруы, мифологиялық ойлау мен тарихи сананың өзара сабақтастығын ашудағы ғылыми тұжырымдары жан-жақты талданады. Автордың теориялық пайымдаулары түркі халықтарының ауызша мұрасын кешенді түрде зерделеуге мүмкіндік беріп, қазіргі фольклортану ғылымындағы методологиялық бағыттардың дамуына елеулі үлес қосатыны айқындалады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Гульназ Алимканова, Торайғыров университеті

– PhD докторант

Н.Қ.Жүсіпов, Торайғыров университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...