*ТҮРКІСТАН МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗІНДЕ ҰЛТТЫҚ ФОЛЬКЛОРДЫҢ ЖАРИЯЛАНУЫ МЕН ЗЕРТТЕЛУІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.18Кілт сөздер:
фольклор, баспасөз, этнография, фольклортану, эпос, АлашАңдатпа
Мақалада XX ғасырдың 20-жылдарында шығып тұрған «Ақ жол», «Шолпан», «Сана» басылымдарында жарық көрген фольклор үлгілері жинақталған. Алаш зиялыларының фольклортанушылық қызметі (жариялау, зерттеу), Білім комиссиясының фольклортану бойынша атқарылған істері Түркістан баспасөзі негізінде талданады. Зерттеудің мақсаты – Түркістан баспасөзінде берілген фольклор үлгілерін жинақтау және фольклортану бойынша жазылған мақалаларды талдау. Зерттеу жасау барысында түсіндіру, сипаттау, жинақтау, жүйелеу, талдау әдістері қолданылды.
Теориялық маңыздылығы Түркістан баспасөзінде фольклортану бойынша жазылған мақалаларды таныту, жеткізу. Тәжірибелік маңыздылығы бұрын беймәлім болған ел аузындағы шешендік сөздер мен жырларды, оны ұсынған авторларды анықтау, бүркеншік есіммен жазылған әдеби мақалалардың авторын нақтылау.
Зерттеу нәтижелері Түркістан баспасөзінде фольклорға қатты көңіл бөліп, ұмытылмауына зор үлес қосқанын дәйектейді. Нәтижелер Алаш зиялыларының фольклортанушылық қызметін және Ә.Диваевтың кітаптарының шығуына жәрдем еткенін тереңірек білу үшін қосымша зерттеулер жүргізу қажет екенін көрсетеді.
