ТҮРКІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМДІКТЕР МЕН ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ПАРАЛЛЕЛЬДЕР: КӨНЕ ЖҰРНАҚТАР НЕГІЗІНДЕ

ТҮРКІ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМДІКТЕР МЕН ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ПАРАЛЛЕЛЬДЕР: КӨНЕ ЖҰРНАҚТАР НЕГІЗІНДЕ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.03

Кілт сөздер:

көне түркі тілі, есімдік, фоно-морфо-семантикалық өзгерістер, тарихи грамматика, түркі тілдері.

Аңдатпа

Бұл мақалада көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі есімдіктер құрамындағы көне жұрнақтардың фоно-морфо-семантикалық ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеу мақсаты - көне түркі тіліндегі есімдіктердің құрылымын анықтап, оларды қазіргі қазақ, түрік тілдеріндегі есімдіктер жүйесімен салыстыра отырып, тарихи сабақтастық пен типологиялық ерекшеліктерді ашып көрсету. Жұмыста жақтық, сілтеу, сұрау және өздік есімдіктердің көне формаларының қазіргі тілдердегі баламалары, фонетикалық өзгерістер, морфологиялық трансформациялар және семантикалық кеңею үдерістері айқындалады.

Зерттеу нәтижелері көне тілдік құрылымдар мен қазіргі тіл фактілері арасындағы сабақтастықты ашып көрсетеді және түркі тілдерінің тарихи грамматикалық дамуын тереңірек түсінуге үлес қосады. Ежелгі түркі жазба мәтіндері мен қазіргі тілдік материалдар негізінде фонетикалық өзгерістер, морфологиялық трансформациялар және мағыналық ауысулары жүйелі түрде талданды. Көне түбірлер мен жұрнақтардың қазіргі түркі тілдеріндегі қолданылу ерекшеліктері анықталып, олардың дамуының ішкі заңдылықтары мен сыртқы ықпалдар негізінде қалыптасқан үрдістері көрсетілді. Көне түбірлер мен морфемалардың қазіргі түркі тілдеріндегі сақталу дәрежесі, өзгеріс заңдылықтары мен жаңа қолданыс ерекшеліктері жүйелі түрде сипатталды. Нәтижесінде, көне түркі тіліндегі есімдіктер жүйесі мен қазіргі тілдердегі грамматикалық құрылымдар арасындағы тарихи-генетикалық байланыстар жан-жақты дәлелденді. Түркі тілдерінде байқалатын біртектілік пен ерекшеліктердің себептері ғылыми негізде талданды. Бұл зерттеу түркі тілдерінің тарихи морфологиялық дамуын түсіндіруге және тіл эволюциясының жалпы заңдылықтарын ашуға маңызды үлес қосады. Есімдіктер құрамындағы көне жұрнақтардың сақталуы мен дамуы жалпы түркі тілдеріндегі тілдік біртұтастықтың және әр тілдің өзіндік ерекшеліктерінің көрінісі ретінде бағаланады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Жулдыз Копбаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– PhD докторант

Гульмира Абдирасилова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Гүлнар Бекенова, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...