ҚАЗІРГІ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ «ТІЛ» ЖӘНЕ «СӨЗ» ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ, СӨЗДІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ МӘНІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.05Кілт сөздер:
лингвистика,, тіл,, сөз,, сөзтану,, сөйлеу әрекеті,, антропоцентризм,, прагматикаАңдатпа
Тіл білімі саласында кейбір ұғымдар мен терминдердің нақты анықтамасын беруде пәнаралық байланыста зерттеудің маңызы зор. Сондай бірқатар ғылымдардың тоғысында қарастыруды қажет ететін ғылым саласы—сөзтану ғылымы. Сөзтану ғылымының зерттеу нысаны - сөз, яғни адамның сөзі. Себебі сөздің мәні мен бар болмысын анықтауда тек бір ғылым тұрғысынан емес, сол ғылыммен шектес ғылымдар аясында қарастырудың маңыздылығы күн өткен сайын артып келеді. Сөзтану ғылымының нысаны сөз және тіл, сөйлеу сияқты басты терминологиялық аппараты анықтап алу және ол туралы ғылыми концепцияларды жүйелеу - осы мақаланың басты ұстанымы.
Мақалада жүргізілген зерттеудің мақсаты – «тіл» мен «сөз» ұғымдарының арақатынасын ашу, бұл ұғымдарға тек қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы тіл білімінде де берілген тұжырымдарды анықтау, оларды салыстыра зерттеп, аталмыш терминдердің орнын белгілеу. Бұл зерттеуде «сөйлеу» ұғымының орнына «сөз» тұлғасы қолданылып, оның негізі талданады.
Бұған дейінгі ізденістерде, соның ішінде шетелдік зерттеулерде тіл мен сөздің ара жігін ашып, олардың қызметін анықтаған теориялық ғылыми еңбектер кездескенімен, отандық зерттеулерде бұл екі ұғым туралы тұжырымдарда бірізділік жоқ. Сөзтанудағы сөз бен тіл, сөйлеу ұғымдарына қатысты мәселелер қазіргі таңда өте өзекті болып отыр.
Бұл мақалада «тіл» және «сөз» сияқты лингвистиканың негізгі ұғымдарын заманауи тұрғыдан түсіну мәселесі қарастырылған. Жалпы лингвистиканың қалыптасуы мен дамуының әр кезеңінде осы терминдердің беретін мағынасы, мәні өзгеріске ұшырап отырғандықтан, «тіл», «сөздің» бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсас тұстары, бір жағынан, тіл білімі ғалымдарының бастапқы ой-тұжырымдарына негізделсе, екіншіден, оларға кең көлемде анықтама беріліп, жаңаша сипатқа ие болады. «Тіл» және «сөздің» ең маңызды теорияларына қысқаша шолу, сондай-ақ осы екі ұғымның негізгі сипаттамаларына негізделген салыстырмалы талдау жасалады. Қазіргі лингвистиканың антропоцентризм бағытына баса назар аударылады, ол осы екі негізгі ұғымның арақатынасында да көрінеді. «Тіл – сөз - сөйлеу» ұғымдарының жарыса қолданылуын анықтауда және олардың өзіне тән қызметін саралауда сауалнама алынды.
