ӨЗГЕ ТІЛДІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАЗУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЛИНВОДИДАКТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ НЕГІЗДЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.18Кілт сөздер:
қазақ тілі, жазу дағдысы, өзге тілді студенттер, оқыту әдістері, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, интерактивті оқытуАңдатпа
Мақалада өзге тілді студенттердің қазақ тілінде жазу дағдысын дамытуда қолданылатын тиімді әдістер мен оқыту тәжірибесі жан-жақты қарастырылады. Қазақ тілін үйретуде жазу дағдысы студенттердің тілдік қабілетін жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мақалада жазу дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздері, әдістері, сондай-ақ заманауи оқыту технологияларының рөлі талданады. Зерттеу барысында жазу дағдысын дамытуда қолданылатын тиімді әдістердің ғылыми-теориялық негіздері анықталып, тәжірибелік қолданысы көрсетіледі. Авторлар шетелдік және қазақстандық зерттеулерді талдай отырып, заманауи оқыту технологияларының қазақ тілінде жазу дағдысын қалыптастырудағы маңызын дәлелдейді. Мақалада интерактивті оқыту әдістері, веб-квест, әлеуметтік желілерді пайдалану және жобалау технологиясының тиімділігі мысалдармен көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіруге бағытталған ұсыныстармен толықтырылған.Мақалада жазу дағдысын оқыту әдістері ғылыми тұрғыдан негізделіп, олардың тиімділігі талданады. Жазу дағдысы тіл үйренушінің ойларын жүйелі түрде жеткізу, тілдік құрылымдарды дұрыс пайдалану және логикалық байланыс орнату қабілеттерін қамтиды. Мақалада коммуникативтік, когнитивтік, конструктивтік және процессуалдық әдістердің тиімділігі мен оларды қолдану тәжірибесі мысалдармен дәйектеледі. Сонымен қатар, жазу дағдысын дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың рөлі қарастырылады.
Мақалада қазақ тілін өзге тілді студенттерге үйретуде заманауи оқыту технологияларын қолдану мәселесі ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан талданады. Жазу дағдысын дамытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, интерактивті оқыту әдістері, онлайн платформалар, және цифрлық құралдардың тиімділігі қарастырылады. Тәжірибелік мысалдар арқылы осы технологиялардың студенттердің жазу қабілеттерін жетілдіруге әсері көрсетіледі.
Мақалада студенттердің қазақ тілінде жазып үйрену дағдыларын қалыптастыру тәжірибесі талданып, нәтижелері ғылыми тұрғыдан сараланады. Оқыту үдерісінде қолданылған әдістер, жаттығу түрлері және тапсырма үлгілері көрсетіледі. Сонымен қатар, қазақ тілінде жазу дағдысын дамытуда кездесетін қиындықтар және оларды шешу жолдары ұсынылады.
