М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ

М.ЖҰМАБАЕВТЫҢ «ПЕДАГОГИКА» ЕҢБЕГІ ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.07

Кілт сөздер:

терминология, педагогика, жылылық, тіл білімі, алаш, Мағжан Жұмабаев.

Аңдатпа

Мақалада қазақ терминологиясына қатысты мәселелер қарастырылған. Термин сөздердің жасалуы, олардың қалыптасуына қатысты Ахмет Байтұрсынұлы, Құдайберген Жұбанов, Нығмет Сауранбаев, Сәрсен Аманжолов, Әбдуәли Қайдар, Мәулен Балақаев, Шора Сарыбаев, Сейілбек Исаев, Өмірзақ Айтбайұлы, Шерубай Құрманбайұлы сынды тілші ғалымдардың тұжырымдары жинақталып, жүйеленген. ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері еңбектеріндегі пән сөздерінің ерекшелігі, олардың бүгінгі таңда мән-мағынасы, жасалу жолдары сараланған. Терминология лингвистиканың бір саласы ретінде қай дәуірде болмасын тілдегі өзекті мәселерді қарастырады. Қоғамдық құрылыс, қоғамдық сана, қоғамдық көзқарастың, тарихи оқиғалардың, ғылыми-техникалық дамудың тағы басқа өзгерістердің тілге әсері зор. Сондықтан термин сөздердің өзгеріске ұшрауы заңды құбылыс. Зерттеу барысында Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі пән сөздерінің өзгеру бағытын талдау арқылы қазіргі кезде өнімді қолданылып отырған немесе өнімділігі кемігендігі көрсетілді. Өлшем бірлікке қатысты сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктер анықталды. Осы ретте Алаш қайраткерлері еңбектеріндегі термин сөздерді жинақтап, жүйелі зерттеу терминологиядағы өзекті мәселелердің бірі.

Авторлар туралы мәліметтер

Қарлығаш Сәрекенова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

*Бауыржан Осеров, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...