БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ СЕМАНТИКАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ РӨЛІ: МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ, КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ СЕМАНТИКАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ РӨЛІ: МӘТІНДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ, КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.22

Кілт сөздер:

семантикалық оқу, ақпаратты түсініп оқу, оқылымды тиімді оқыту

Аңдатпа

Қазақ тілін оқыту мәселелері тілдің қоғамдағы қолданылу көрінісімен, қазақ тілінің қазіргі ахуалымен, оның толығу,  даму жолдары және жүйеленуімен, тілдің ішкі әлеуетін пайдаланумен тікелей байланысты. Сапалы   білім   беруде оқытушы аталған үдерісті басшылыққа ала отырып, әрбір тілдік тақырыптар бойынша өзіндік ерекшеліктеріне лайықтап  тәрбиелік маңызы бар мәтіндерді талдату  арқылы сабақтың мақсатына жетеді. Мақалада оқыту әрекеті (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) түрлерінің ішінен оқылымның өзектілігі, басымдылығы, оқылымды тиімді оқыту арқылы нәтижеге жету жолдары айтылады. Оқытуда семантикалық оқыту жүйесін пайдалану, оның стратегиясы негізінде мәтіндермен жұмыс істеудің кезеңдері жан-жақты талданады. Студенттердің мәтінді игеруіне қойылатын міндеттер, олардың сөйлеу әрекетін дамыту үшін сөздікті игертудегі оқытушының рөлі туралы айтылады. Сонымен қатар, лексиканы есте сақтауға және қолдануға бағытталған әдістемелік тәсілдер қарастырылады, бұл студенттердің сөздік қорын кеңейтуге және сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінде лексикалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы мәліметтер

Саягүл Карыбаева, ЕНУ им.Л.Н.Гумилева

ЕҰУ, Практикалық қазақ тілі кафедрасы, доцент

*Камшат Жүнісова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының магистрі, аға оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...