ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНГОРМАНИЗМ ЗАҢЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-2.08Кілт сөздер:
сингармонизм, үндестік заңы, түркі тілдері, фонетика, тарихи-салыстырмалы әдіс, морфологияАңдатпа
Аңдатпа. Бұл мақалада түркі тілдеріндегі сингармонизм (үндестік) заңдылығының зерттелу тарихы мен қазіргі тілдік жүйедегі орны қарастырылады. Сингармонизм – түркі тілдеріне тән фонетикалық заңдылықтардың бірі ретінде дауысты дыбыстардың бір-бірімен үйлесімділігіне негізделген. Бұл заң бойынша сөз құрамындағы дауыстылар жуан-жіңішке, не ерін үндестігіне бағынып, тұтастай бір фонетикалық реңкті сақтайды. Мақалада осы құбылыстың фонетикалық, морфологиялық және тарихи аспектілері жан-жақты талданады. Зерттеу барысында сингармонизмнің көне түркі жазба ескерткіштерінен бастап қазіргі түркі тілдеріндегі көріністері салыстырмалы-тарихи әдіс негізінде қарастырылады. Сонымен қатар, әр кезеңдегі түрколог ғалымдардың - В.В. Радлов, А.Н. Самойлович, Е.Д. Поливанов, Н.К. Дмитриев, С.Аманжолов және тағы басқалардың еңбектері негізінде сингармонизмнің теориялық тұрғыда зерттелу эволюциясы көрсетіледі.
Мақалада алтай тілдері тобына жататын тілдеріндегі үндестік заңдарының ерекшеліктері салыстырылып, олардың ортақ және дара сипаттары айқындалады. Сондай-ақ қазіргі жаһандану үдерісі мен тілдік өзгерістердің сингармонизм заңына әсері, оның бұзылу себептері мен заңдылықтың жойылып бара жатқан немесе сақталған формалары тілдік материалдар негізінде талданады. Зерттеу нәтижелері сингармонизмнің тек тарихи-теориялық құбылыс емес, қазіргі түркі тілдерінің дамуында маңызды рөл атқаратын белсенді тілдік фактор екенін көрсетеді.
