ҰЛТТЫҚ КОД: «ҚҰТАДҒУ БІЛІК» ЕҢБЕГІНДЕГІ ЖОМАРТ / AḲI КОНЦЕПТІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.05Кілт сөздер:
жәдігер, кемел адам, жомарттық, ұлттық кодАңдатпа
Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу біліг» атты еңбегі ХІ ғасырдағы түркілердің когнитивтік санасындағы адам болмысын айшықтайтын тілдік фактілер жағынан да өте құнды еңбек. Жазба жәдігер тілінің генетикалық қабаты 85 пайыз түркі сөздерінен тұрады, рухани құндылықтар жүйесіне енетін абстракт ұғымдар таза түркілік атаулармен берілген. Бұл абстракт ұғымдар – түркі дүниетанымындағы адам болмысын айқындауға жол ашатын рухани концептілер болып табылады. Мақалада «Құтадғу білігтегі» кемелденген адамның маңызды қасиеттерінің бірі болып табылатын aḳı / жомарт лексемасына жан-жақты лексика–семантикалық талдау жасалды. Қарахан дәуірінде өмір сүрген ғұламалар түркілердің мәдениетіне ислам діні арқылы енген абстракт ұғым атауларды қолдануда түркі тілінің бай сөздік қорын қолданғандығы нақты деректермен дәйектелді. аḳı лексемасы көне түркілік түбір болып табылатын ақ етістігінен жасалған туынды есім.
Мақалада түрік ғалымы профессор Решит Рахмети Араттың үш нұсқаның басын біріктіріп жасаған транскрипциясы қазақ тіліндегі аудармалармен салыстыра отырып зерделенді.
