ЖОО-ДА ҚАЗАҚ ЭПОСТАРДЫ ЖОБАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.29Кілт сөздер:
қазақ эпосы, жобалық оқыту, жоғары мектеп, инновациялық әдіс, ұлттық құндылық, білім беру технологиясыАңдатпа
Бұл мақалада қазақ эпосын жоғары мектепте жобалау әдісі арқылы оқытудың жолдары қарастырылады. Жұмыстың зерттеу мақсаты, жобалық оқытудың мүмкіндіктерін айқындап, болашақ мұғалімдердің шығармашылық қабілеті мен зерттеу дағдыларын ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру. Яғни, жобалық әдіспен оқыту білім алушыларды өз бетінше ізденуші, талдаушы және қорытынды жасаушы ретінде қалыптастыруға бағыттайды.
Эпикалық туындылардың жанрлық ерекшеліктері мен ортақ белгілері салыстырмалы түрде саралайды, олардың ұлттық дүниетанымдағы рөлі айқындалады. Батырдың ел қорғаудағы ерлігімен қатар сүйіктісіне деген адал сезімі арқылы жеткен жеңісі халықтың аңсаған мұраттарын танытатын басты мотив екені мысалдармен дәлелденеді. Мұндай сюжеттер ғасырлар бойы халық шығармаларында жалғасын тауып, ұлт жадында үлгі-өнеге ретінде сақталған. Яғни, фольклортану және педагогика ғылымы саласында зерттеліп келе жатқан бұл тақырыптың өзектілігі заманауи кезеңде де өз маңызын жоғалтпайтынын ескере келе, жоба әдісін қолдану барысында студенттер эпостың тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктері мен тарихи негіздерін зерттеп, көркемдік-эстетикалық мәнін жан-жақты талдап, заманауи оқыту технологиялармен ұштастырады. Бұл тәсіл студенттердің ұлттық рухани мұраға деген қызығушылығын арттырып, пәндік және метапәндік құзыреттіліктерін дамытады. ЖОО студенттері арасында өткізілген сауалнамалар мен пікірталастар, сондай-ақ дәріс пен практикалық сабақтардағы талдау жұмыстары негізінде олардың көзқарастары мен ой қорытындылары жүйеленді. Бұл бағытта белгілі педагог-ғалымдардың әдістемелік тұжырымдарына сүйене отырып, сабақ барысында тиімді тәсілдер қолданылды.
Зерттеу нәтижелері қазақ эпосын оқытудағы жобалық оқыту әдісі студенттердің белсенділігін, сыни ойлау қабілеттері мен топтық жұмыс мәдениетін жетілдіретінін көрсетеді.
