SOME SCIENTIFIC AND THEORETICAL ISSUES OF ESTH-FOLKLOROISTICS
Keywords:
folklore, esth-folkloroistics, literature, literary studies, integration.Abstract
Бүгінде фольклортану саласы интегративті ғылым ретінде новаторлық концепцияларын кеңейтіп жатқаны аян. Жаңа ракурстағы көпсалалы әрі күрделі сипатын зерделеу – жаһандану жағдайындағы күрделі де келелі мәселелердің бірі. Жалпы, бүтіннің белесін бағындыру үшін алдымен, оның бөлшектерін[i] бекем ету – басты қағидамыз. Сол үшін зерттеу көзіне интегративті фольклортанудың бір тармағы эстофольклортану саласы алынып отыр.
Эстофольклортану әдеби-фольклорлық ықпалдасу нәтижесіндегі әр текті материалдың идеялы-эстетикалық бірлігін зерттеуді көздейді. Әлемдік аренада жеке терминмен айшықталып, дербес сала ретінде дамуы оның зерттеу пәнінің заманауи сұраныстағы өзектілік динамикасын көрсетеді. Осы динамиканы ұлттық фольклортану аясында бағамдап, эстофольклортанудың теориялық принциптерін айқындаудың, сондай-ақ оны оқытудағы инновациялық тәсілдерін қарастырудың маңызы зор.