БІРЛЕСКЕН ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ АУЫЗША СӨЙЛЕСІМ ДАҒДЫСЫН БАҒАЛАУ (CEFR тәсілі)
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.18Кілт сөздер:
сөйлесім дағдысы, бірлескен оқыту стратегиясы, CEFR, бағалау, байланыс, топтық жұмыс, өзара әрекеттесу, ауызша сөйлесімді бағалайтын рубрикАңдатпа
Бұл мақалада шетел тілі сабағында коперативті оқыту стратегиясын қолдану арқылы сөйлесім дағдысын бағалау қарастырылған. Мақаланың мақсаты - бірыңғай халықаралық стандарт негізінде бірлескен оқыту тәсілі барысында сөйлесім дағдысын бағалау тәсілін зерттеу. Бағалау әдістеріне шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттілік жүйесін (CEFR) енгізу қарастырылған. Зерттеу бірнеше тармақтан тұрады. Теориялық бөлім сөйлесім дағдысын дамыту, кооперативті оқыту стратегияларын және (CEFR) стандарттарын қолдану тақырыбындағы отандық және шетелдік зертеушілердің әдебиеттеріне шолу жасауға арналған. эерттеудің эксперименттік бөлігі университет оқытушыларының студенттердің сөйлесім дағдысын жұптық жіне топтық жұмыс контекстінде бағалауға қатысты сауалнамадан тұрады.Зерттеу нәтижелерінде оқытушылар мен зерттеушілерге дәстүрлі оқытудан бөлек, бірлескен оқыту барысында сөйлесім дағдысын бағалауды басқа қырынан қарастыруға және белсенді оқыту әдісін қолдану тәсілдері көрсетілгендіктен, зерттеу тәжірибелік және теориялық маңыздылыққы ие. Зерттеу тұжырымдамасы бойынша коперативті оқыту шеңберінде сөйлесім дағдыларын бағалау оқытушылар үшін қызықты,әрі тиімді деген қорытындыға келді. Сондай ақ кейбір оқытушылар коперативті оқыту стратегияларына арналған семинарларға қатысуға ниет білдірді.
