«БАЙТАРАТУ’Л-ВАЗИХ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕКЕЗДЕСЕТІН СОМАТИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

«БАЙТАРАТУ’Л-ВАЗИХ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНДЕКЕЗДЕСЕТІН СОМАТИКАЛЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-2.05

Кілт сөздер:

соматизмдер, «Байтарату’л-Вазих», жазба ескерткіш, ескі түрік тілі, мәмлүк-қыпшақ тілі, соматикалық фразеологизмдер, тілдік талдау

Аңдатпа

Мақалада «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткішіндегі соматикалық атаулардың лексика-семантикалық сипаты қарастырылады. «Байтарату’л-Вазих» – ортағасырлық мәмлүк-қыпшақ тілінде жазылған түркі тілдеріне ортақ мұраларының бірі.    Жазба ескерткіш тілін зерттеу жалпы түркі тілдерінің даму тарихын айқындауда маңызды дереккөзі болып табылады. Бұл зерттеу орта ғасырлық түркі тілдерінің фоно-морфо-семантикалық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге жол ашады.  Зерттеу барысында жасалынған талдаулар мен нәтижелер түркітану ғылымын жаңа бағытта дамытуға үлкен үлес қосады. Мақалада «Байтарату’л-Вазих» жазба ескерткішіндегі соматикалық атаулар алғаш рет зерттеу нысанына алынып отыр.   

Мақалада «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткішіндегі дене мүшелеріне қатысты атаулар жүйеленіп, олардың нақты мағыналары анықталды. Сонымен қатар көне түркі тілінен бастау алған соматикалық атаулар бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан түркі халықтарының тілдік жүйесіндегі лексикалық қабат екендігі дәлелденді. Мақаланың басты мақсаты – «Байтарату’л-Вазих» жазба ескерткішінде кездесетін соматикалық атауларды тілдік тұрғыдан талдап, көне түркі тілінің лексикалық қабатынан орын алатын дене мүше атауларының қазіргі қазақ тілімен сабақтастығын анықтау. «Байтарату’л-Вазих» ескерткішінде кездесетін соматикалық лексиканың алғаш рет жүйелі түрде қарастырылуы зерттеудің жаңалығы болып табылады.

Кез келген тілдің лексика-семантикалық жүйесін зерттеу семантикалық өріс пен мағыналық құрылымды анықтаудың бірден-бір жолы. Мақалада «Байтарату’л-вазих» жазба ескерткішінде кездесетін аяқ, бас, тіл, құлақ, мұрын т.б. соматикалық атаулардың лексикалық-семантикалық сипаты анықталды. Сондай-ақ, аталған тілдік бірліктердің қазіргі қазақ тілінде фразеологизмдерде, мақал-мәтелдерде, көп мағыналы сөз ретінде кең өріс алып қолданылуы және олардың сөзжасамдық мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар, соматикалық атаулардың тура және ауыспалы мағыланарда қолданылуының маңызы анықталады. Мақала нәтижелері тіл тарихын зерделеу мен лексикалық бірліктердің мәдени-танымдық қырларын терең түсіндіруде құнды ғылыми дереккөз ретінде қызмет атқара алады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Камша Батырбекова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

– PhD докторант

Медеу Әлімбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Нұргүл Медетбекова, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

– педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...