А.ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ «ҚАЙРАТ» КОНЦЕПТІСІНІҢ АУДАРМАДАҒЫ ЭКВИВАЛЕНТТІЛІК ДЕҢГЕЙІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.11Кілт сөздер:
концепт, қайрат, эквиваленттілік, аударматану, Абай ҚұнанбаевАңдатпа
Мақалада Абай Құнанбаев шығармаларындағы «қайрат» (ерік күші) концептінің орыс және ағылшын тілдеріне аударылу эквиваленттілігі зерттеледі. Зерттеудің жұмысының мақсаты – эквиваленттілік деңгейін және әртүрлі аударма стратегияларының тиімділігін бағалау. Авторлар концептуалдық бірліктердің эквиваленттілік деңгейін бағалаудың жүйелі тәсілін ұсынып, негізгі бағалау критерийлерін тұжырымдайды. «Қайрат» (ерік күші) концептін аудару тек лингвистикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар мәдени және философиялық аспектілерді ескере отырып, когнитивті түсінуді де қажет ететіні дәлелденген. Мақаланың әдістемесі белгілі ресейлік аударматанушы В.Н. Комиссаровтың бес деңгейлі эквиваленттік теориясына негізделген. Зерттеу материалы ретінде А.Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздері, олардың С.Санбаев, Қ.Серікбаева, Е.Жұмағұл аударған орыс және ағылшын тіліндегі нұсқалары алынған. Сонымен қатар Дж.Бернсайд, С.Гейган, Г.Халық, Р.Құдабаева, З.Әуезова, О.Жанайдаров сынды аудармашылардың жаңа аударма нұсқалары қарастырылады.Зерттеу нәтижелері Абай шығармаларының прозалық аудармалары поэтикалық аудармаларға қарағанда жоғары эквиваленттілік деңгейін көрсететінін айқындайды. Соңғы ағылшын тіліндегі аудармалар орыс тіліндегі нұсқаларға қарағанда дәлірек, ал сатылы аудармалар (қазақ-орыс-ағылшын) ұқсас кемшіліктердің бар екендігін айқындайды. Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңызы – «қайрат» (ерік күші) концептінің қазақ, орыс және ағылшын аудармашылары тарапынан аударылуын салыстыру қазақ аударматану ғылымының дамуына үлес қосады деген сенімде.
